0 дауыс
819 көрілді
Бір аптадан бері қатты ыстық болып жатыр. Әлден осылай ыстық болса, шілдеде қандай болады екен . Ораза ұстайтындарға Алла шыдамдылық , күш -қуат берсін де. Көлеңке іздеп таппаған соң, орталық саябаққа барғанмын. Қасыма бір кәрістің кемпірі жайғасты. Қолындағы жел желпігіші бір әдемі. Желпуіш пе , әлде желпігіш дейтін бе еді? ! Әжем қағаздан істеп беруші еді баяғыда. Жапонша ма, қытайша ма жазып тастаған . Осындай ыстық күнде пайдалы да. Екі жағымда екі адам жел желпіп тұрса, жаңбыр жауып кетсе, аз ғана жел тұрса деп қиялдап отырып уақыт өткенін білмей қалыппын. Желпуішін күнге тосып кәріс апа да тұрып кетті. Осы жел желпігіш қайдан келген? Жапония ма, қытай ма, корея ма,? Тарихы қандай?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Желпуіштің тарихы негізінен Қытайдан басталған, бірақ Жапон императорына сыйлыққа берілген желпуішті жапондық шеберлер әрі қарай дамытып өз құралдарына айналдырған. Ол кезде желпуішті тек қана император әйелдері мен сарай ханымдары ғана ұстайтын болған. Жапондарда кеңінен таралғаны соншалық тіпті қару ретінде қолданатын желпуіштер де болған.

Жиналмалы желпуіштер Европаға келгеннен кейін де кең қолданысқа ие болды. Орта ғасырларда тіпті веер тілі де пайда болды. (мысалы қыз жігіттің алдында желпуішін тез жинап алса "сен мені қызықтырмайсың" ал кеңінен ашылған желпеуіш "менімен сөйлесе беруге болады".... т.б. ал, жиналып ашылған желпуіш кездесуге шақыру деген сияқты)

Ұқсас сұрақтар

...