Бір аптадан бері қатты ыстық болып жатыр. Әлден осылай ыстық болса, шілдеде қандай болады екен . Ораза ұстайтындарға Алла шыдамдылық , күш -қуат берсін де. Көлеңке іздеп таппаған соң, орталық саябаққа барғанмын. Қасыма бір кәрістің кемпірі жайғасты. Қолындағы жел желпігіші бір әдемі. Желпуіш пе , әлде желпігіш дейтін бе еді? ! Әжем қағаздан істеп беруші еді баяғыда. Жапонша ма, қытайша ма жазып тастаған . Осындай ыстық күнде пайдалы да. Екі жағымда екі адам жел желпіп тұрса, жаңбыр жауып кетсе, аз ғана жел тұрса деп қиялдап отырып уақыт өткенін білмей қалыппын. Желпуішін күнге тосып кәріс апа да тұрып кетті. Осы жел желпігіш қайдан келген? Жапония ма, қытай ма, корея ма,? Тарихы қандай?