Алла қаласа екі күннен соң алып шаһарымыз Алматыға барамын. Мен жұмыс істейтін компания үш күндік тренингке жіберіп отыр. Бір құрбым әзербайжан ұлтының өкілі, Қазақ жеріне келгеніне 10жылдан асса да , жеке басын куәландыратын құжатын ала алмай жүр. Соған Алматы қаласындаға Әзербайжан елшілігінен анкета , т.б құжаттар алып келу керек. Сосын Аспендияров атындағы медициналық оқу орнына барғым келеді. Оқуымды Алматыға немесе Астанаға ауыстыруға ойым кетіп жүр. Қысқасы алып шаһарда адасып кетпеу үшін сіздерден біршама мәліметтер біліп алсам деймін. Алматы қаласындағы Әзербайжан елшілігі қайда орналасқан? Аспендияров атындағы оқу орны қайда орналасқан? Алматыдагы ғылыми зерттеу орталыгы қай жерде? Осы жерлерге қандай автобустар барады? (Нөмері нешінші)Аялдамаларының аты қалай аталады? Және сіз білетін жақсы деген қонақ үйлер тізімін жаза кетіңіз? Алдын ала рахмет айтамын.