0 дауыс
6.1k көрілді
Жұлдызнама бойынша мергендердің мінезі қандай болып келеді?
өте керемет екен рахмет. бірақ мен өмірде ішіп, шегіп көрмеппін.устаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға дегендей. ұстаздық тәрбиеден шыққан адамын.
Мергендер ішіп-шегед деп кім айтад?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мерген (23.11. – 21.12)

Мергендер – өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді. Мергендер тәуекелшіл келеді. Көп сөйлейді. Үнемі өзін бақытты сезініп, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Айналасын жағымсыз адамдар қоршаса, көңіл-күйі түсіп кетуі мүмкін. Күресе алады, сол үшін біреуден көмек те сұрамайды. Барлық Мергендер өзін қорғай алады. Жауапкершілікті сезінсе де, арқалағысы келмейді. Кешесінен бүгіні, бүгінінен ертеңі керемет боп өтеді деген қағиданы ұстанған, өмірге көзқарасы оң. Тез ғашық болып, тез айнып қалады. Отбасын құруға келгенде өте ұзақ ойланып, шешім қабылдауы қиынға соғады. Бір жаман қасиеті бар – көп ішеді, көп жейді, тіпті салынып ішіп кетуі де мүмкін. Ақылының өткірлігі сарказм мен құпия сақтай алмаушылыққа әкелуі мүмкін. Мергендер кез келген оқиғадан тез арыла алады. Қолы ашық, әйел Мергендер жетімдерді, қаңғып жүрген үй жануарын асырап алуға бейім болады. Есте сақтау қабілеті де өте ерекше, мерзімдерді, майда-шүйдені мықтап есте сақтайды, сонымен қатар өзінің пальтосын қайда қойғанын ұмытуы да мүмкін. Заттарын көп жоғалтады. Мергеннің табиғаты – қолы ашық, көңілді идеалист.

+1 дауыс
Мерген қыздарды білемін ақкөңіл, мейірімді болып келеді.
...