+1 дауыс
363 көрілді
Сайттың өмір сүргенінеде біршама уақыт болды, бірақ сондада әлі ұялы телефон қолдамайды .

ол біз сияқты қолданушылар үшін, сайтты қолдану қиындай түсуде, қашанға компьютерге байланып отырамын, соткаменде кіріп сұраққа жауап бергім келеді, соткамда қазақша тіл қолдайды қазақша жазуғада болады.

сол себепті сіздерден IOS , android бағдраламасын шығаруларыңызды өтініп сұраймын.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ия өте орынды сұрақ. Қазіргі таңда мен өзін өзекті болып тұрғаны сайтты жаңа дизайнға ауыстырыу болып тұр. Себебі қазіргі дизайнда біршама мүмкіншіліктер дұрыс істемей, қателіктер бар. 

Қазіргі таңда мен Индиялық программист досыммен барлық алдын осы сайттағы қателіктерді жойып, жаңа дизайнын жасап жатырмын. Ол програмамлық техникалық жағын істеп жатыр, мен сол шаблонды өзімізге қарай бейімдеп жатқан жайым бар. 

Сайттың дизайнын респонсив қыламын ба деп отырған едім, бірақ ойлана келе компьютерлік нұсқасы дұрыс деген шешімге келдім.

Қазіргі таңда 90 пайыздай жұмыстар аяқталды. Бірақ Индиялық досым әлі жарияламай жатыр, толық біткен нұсқасын. Сондықтан мен сайтты жаңарта алмай отырмын. Уақыттың тапшылығына байланысты сайттың жаңа нұсқасын келесі айдың 5-теріне дейін қосып қалатын шығармын. Сосын уәде еткен конкурсты да бастап қалармыз. (Конкурста бас жүлдеге 100 000 теңге, және де көптеген силықтар, (сайт логатипі бар футболкалар) т.б. силықтар болады.)

Әзірге сайттың дизайны қандай болатын скриншоттар.

Сайттың жаңа дизайны осындай болып қалады.

Ал сенің Android туралы сұрағыңа күзге қарай қолда қаражат болған кезде ойластырамын. Мүмкін жаңа жылға дейін жасап қалуымыз мүмкін. Бұл тақырып мен үшін де өзекті болуда.

Сайтпен бірге болыңыздар, үлкен рахмет!

Жауабыңызға рахмет. Жәнеде бір сұрақ туындап қалды, Сайттың дизайнының мобилдік нұсқасы болама? болмайма?
жаңа дизайндегі мына екеуі қандай мүмкіндіктер , не қызмет атқарады? (қызылмен, көкпен боялып тұр)
Фейсбукты қолдансаң сайттағы белсенділіктер көрініп тұрады. Кім лайк басты, пікір, жауап жазды деген секілді.  Сол біреуінде сайттағы белсенділіктер көрінеді, біреуінде саған жеке хат, немесе жеке сұрақ қойылса сол ақпарат көрінеді.
Сайттың Android арналған нұсқасын жасатамыз. Бірақ ол жылдың соңына қарсы болуы мүмкін.
+1 дауыс
Ұялы телефоның ios, android болса қиын түгі жоқ. Осы Ос-тегі браузерлер компьютерлік көріністе аша алады..
отырайық енді үлкейтіп кішірейтіп.
Жұрттың баласы отырғандай отырасын енді... қашан жасалып біткенше. Жалпы шыққан android-қа, оның серверлік бөлігін сайтқа орнатпайынша ол бағдарлама жұмыс жасамайды.
Админ мырза бир созинде айтып калдыгой жарыс дейма ол кандай сайыс екен маган сол кызык болып турганы
...