+1 дауыс
707 көрілді

Түрксіб ауданы прокуратурасымен кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау тақырыбына арналған кеңейтілген жиналыс жүргізілді

11 маусым 2014 жыл Алматы қаласы 

Аталмыш жиналысқа аудан Әкімі В.Н. Устюгов., «Қазақстан балалар қоры» қоғамдық бірлестігінің басшысы Э.А. Ватлина., Алматы қаласы Әкімшілігінің жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік қоры басшысының орынбасары А.К. Ауганбаева және тағыда басқа уәкілетті органдар мен білім мекемелерінің өкілдері қатысты.

Балалар арасындағы суицид фактілерінің алдын алу сұрақтарын талқылау барысында, Түрксіб ауданы Әкімшілігі мен кәмелет жасына толмағандардың жұмыстары бойынша комиссияның жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтардың алдын алу саласында атқарып жатқан жұмыстарына оң баға берілді.

Осы жиналыста балалар арасындағы суицид фактілері бойынша тергеу әркеттерінің әлсіздігі және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу сұрақтары бойынша тиісті бақылаудың болмауынан Түрксіб ауданы ішкі істер басқармасының қызметі қатаң сынға алынды.

Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың кезеңін өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны екі есе өскен.

Жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар негізінен пайдакүнемдік мақсатта жасалады, қарақшылық, тонау және ұрлық.

Осыған қарамастан,  ювеналдық полициямен осы қылмыстардың алдын алу бойынша толыққанды жұмыстар жүргізілмеуде, сонымен қатар, қарастырылған жоспарлы іс шаралар орындалмай келеді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында аудандық білім бөлімшесінің,  кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының жұмыстарындағы кемшіліктер, оны болдырмау және нақты шешу жолдары қарыстырылды.

Сондай-ақ, жиналыста осы  сұрақтар бойынша мәселелер көтеріліп, уәкілетті мемлекетті органдар мен қоғамдық бірлестіктердің кәмелет жасына толмағандардың сұрақтары бойынша өзара қарым қатынастарының механизмін қалыптастыру сұрақтары талқыланды.

«Қазіргі таңда кәмелет жасына толмағандардың қандайда болмасын құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету, сонымен қатар, оларға қатысты  кез келген заңсыздықтарды болдырмау, прокуратура органдары мен мемлекеттік органдардың негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі, Еліміздің Конституциясында, халықаралық келісімдер мен басқа да заңдарда бекітілгендей, балалардың құқығын қорғау болып табылады», - деп түсініктеме берді Түрксіб ауданының прокуроры Тимур Атжанов.                       

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...