Дәмдеуіштер аралы деген атаумен белгілі болған Қорық-аралдың аралдың аты?

0 дауыс
3.2k қаралым
Бір кездерде "Дәмдеуіштер аралы" деген атаумен белгілі болған "Қорық-аралдың" аралдың атын тауып беріңіздерші?
• Санаты: Табиғат | 3.2k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Молукк аралдары (Moluccas Maluku – маңызды, басты) – Малайя топаралының шығыс бөлігінде, Сулавеси мен Жаңа Гвинея аралдарының аралығында орналасқан; Индонезия аумағында. Ауданы 83,7 мың км2. Тұрғыны 1 млн-дай адам. Ірі аралдары: Хальмахера, Серам және Буру. Жер бедері таулы (ең биік жері Биная тауы, 3019 м). Аралдар жер қабығы өте қозғалмалы геосинклиналь белдемде жатыр. Бірнеше әрекетті жанартаулар бар. Климаты экваторлық, жауын-шашын мол түседі. Жылдық жауын-шашын мөлш. таулардың төмен беткейінде 800 – 2000 мм, жоғарғы жағында 4000 мм-ден астам. Теңіз жағалауындағы айлық орташа темпераиура 25 – 27ӘС. Аумағының 80%-ын ылғалды экваторлық орман (пальманың түрлері, фикустар, бамбуктер, папоротниктер, т.б.). 1200 метрден жоғарыда жапырақ тастайтын және оңтүстіктің қылқанды ағаштары алып жатыр. Теңіз жағалауында өсімдіктің түріне өте бай мангр тоғайы өседі. Флорасы сияқты фаунасы да шығыс азиялық және австралиялық түрлердің жиынтығынан тұрады (ағашта тіршілік ететін қалталылар, казуарлар, жұмақ құстары, т.б.). Кокос пальмасы тоғайлары, дәм беретін өсімдіктердің плантациялары (қалампыр ағашы, бұрыш), күріш пен жүгері егістері өсіріледі. Қалайы, вольфрам, марганец, слюда, мұнай кен орындары бар. Басты қаласы және порты – Амбон қаласы


Жақсы жауап таңдалды
127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы