0 дауыс
412 көрілді
Көше атауларына елімізге еңбегі сіңген азаматтардың есімі берілуі керек.

9 жауап

+1 дауыс
Келісемін ғой бірақ сонда тұратын тұрғындарға қиын болады үйдің документтерін ауыстыру керек дегендей көп жұмыс қой.
0 дауыс
келісемін бұл жақсы ғой
0 дауыс
Әлбетте келiсемiн. Кеңес үкiметiнен қалған сарқыт орыс атауларындағы көшелердi өзiмiздiң батыр, ақын, ғалым, ойшыл, т.б кiсiлердiң есiмiн беру керек.
0 дауыс
Бул iciн дурыс мен келисемин ...бирак ол ушин кошедеги адамдардын баринин дакументин ауыстыру кажет немесе ертенги кундерин киындау болады..ол манызды онын устине киындыкка душар боласындар
0 дауыс
Тағы бір айта кететін нәрсе. Мұнда барлық көше қазақ зиялыларының, батырларының есімдерімен аталатын болады деген сөз емес. Елімізге, қаламызға еңбегі сіңген өзге ұлт өкілдерінің есімдерімен аталған көшелер сол қалпында қалады..
0 дауыс
Бiздердiн колымыздан не келедi?президент емеспiз...барiбiр озгерте алмаймыз)))
0 дауыс
Дұрыс, өзгерту керек. Билікке үндеухат жолдауымыз керек. Тельман, Ленин, Карл Маркс т.б. бұлардың қазақ тарихына еш еңбегі сіңбеген, тіпті қазақтардың жауы деуге де болады. Назарбаев кеткен соң өзгеретін шығар, Назарбаевтың шамасы жетпейтін сияқты көшелер, қалалар, ауылдар, мектептер т.с.с. атауын қазақшаландыруға, президентіміз орыстардың айтқанынан шыға алмайтын сияқты, бұл өз ойым.. Биліктің жақсы жағын да айта кетейін, біздің қаланың шет жақтарында жаңа мөлтек аудандар бой көтеруде, үйлер салынуда әркімнің өз қаражатына, сол кішігірім аудандарда көше атаулары жоқ еді енді сол көшелерге қазақша атаулар қойылыпты, Бәйтерек, Астана, Жеңіс, Тәуелсіздік деген сияқтылар, ол өзгеріске әрине қуанып қалдық..
0 дауыс
Мен бұл пікірмен келісемін. Ал, құжаттарға келетін болсақ, оның еш қиындығы жоқ секілді. Біздің жақта бір көшенің атын ауыстырды. Алайда, құжаттармен қиналып жүрген бірде-бір адамды көрмедім.
0 дауыс
Жақсы ғой, келісемін әрине. Бірақ біздің қолда емес қой.

Ұқсас сұрақтар

...