Дұрыс, өзгерту керек. Билікке үндеухат жолдауымыз керек. Тельман, Ленин, Карл Маркс т.б. бұлардың қазақ тарихына еш еңбегі сіңбеген, тіпті қазақтардың жауы деуге де болады. Назарбаев кеткен соң өзгеретін шығар, Назарбаевтың шамасы жетпейтін сияқты көшелер, қалалар, ауылдар, мектептер т.с.с. атауын қазақшаландыруға, президентіміз орыстардың айтқанынан шыға алмайтын сияқты, бұл өз ойым.. Биліктің жақсы жағын да айта кетейін, біздің қаланың шет жақтарында жаңа мөлтек аудандар бой көтеруде, үйлер салынуда әркімнің өз қаражатына, сол кішігірім аудандарда көше атаулары жоқ еді енді сол көшелерге қазақша атаулар қойылыпты, Бәйтерек, Астана, Жеңіс, Тәуелсіздік деген сияқтылар, ол өзгеріске әрине қуанып қалдық..