0 дауыс
397 көрілді
Теледидардан хабары адамдар, өтінемін көмектесіңіздерші!
Казспорт телеарнасында ТАЭКВОНДО дан өтетін деп хабарлайтын жарнама(реклама) тауып беріңіздерші.
Ғаламторды әрі шұқып, бері шұқып таба алмадым.

2 жауап

0 дауыс

Алматыда таэквондодан «Федерация кубогы» өтеді



Маусымның 11-14 аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таэквондодан WTF «Федерация кубогы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды confederation.kz.

Бұл турнир - Қазақстан таэквондо федерациясының (WTF) жаңа жобасы. Сонымен қатар, тұңғыш рет қазақ жерінде өтетін әлемдік Гран-при сериясына үлкен дайындық болмақ (28-31 тамыз, Астана).

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының кубогы додасы «Федерация кубогы» болып өзгертілген соң, мәртебесі де жоғарылай түсті. Осы турнир барысында Дүниежүзілік таэквондо федерациясы қолданысқа енгізген сегізбұрышты доянг пайдалануға беріледі.

Турнирге 16 команда қатысады. Алматы мен Астана қалалары және еліміздің 14 облысынан 250-ден астам споршы қатысады деп күтілуде. «Федерация кубогы» сынында 17 жастан асқан спортшылар бақ сынайды.

«Федерация кубогының» бағдарламасы:

11 маусым – әр салмақ дәрежесіндегі жекелей сын:

- 58 келі, 74 келі, 87 келі - ерлер

- 46 келі, 53 келі, 73 келі - қыздар

15:00. Ашылу салтанаты

12 маусым – әр салмақ дәрежесіндегі жекелей сын:

- 54 келі, 80 келі - ерлер

- 49 келі, 57 келі, +73 келі - қыздар

13 маусым - әр салмақ дәрежесіндегі жекелей сын:

- 63 келі, 68 келі, +87 келі - ерлер

- 62 келі, 67 келі - қыздар

14 маусым – командалық сын

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерге арнап үлкен тосынсый жасауда. Жарыс барысында бағалы сыйлықтар ұтысы болады, сондай-ақ, Түркияға екі жолдаманы жанкүйерлердің жеңіп алуына мүмкіндік бар. Жекпе-жек күн сайын сағат 10:00-де басталады. Кіру тегін.

Осы емес пе?
0 дауыс
жоқ! маған видеосы керек!
...