Билет 2 1)Жасушаның химиялық құрамы. Органикалық және биоорганикалық заттар. Жасушаның химиялық құрамы-жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы. Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процесіне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Органикалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің басты себебі,сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар-химия элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. 2)Өсімдіктердің көбеюі. Гүлді өсмдіктердің қосарланып ұрықтануы. Гүлденетін өсімдіктер және бүршіктері бар өсімдіктер тұқымдық дәндерді өндіреді. Гүлденетін өсімдіктердің көпшілігі тұқымдық дәндер арқылы көбейеді,сонымен қатар вегетативті түрде өніп өседі. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады. Орталық екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып,ұлғайтып эндесперм түзіп,онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. 3)Күйгенде,үсігенде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Күнделікті өмірде кенеттен күйіп қалу оқиғалары жиі кездеседі. Ол оттан да,будан да,қайнап тұрған судан да,әртүрлі химиялық заттардан да болуы мүмкін. Ең алғашқы көмек көрсетілгенде денедегі көпіршіктерді жармайды,қалың таңғыштармен орамайды,мұз баспайды,күйікті қолмен ұстамайды. Біз көбінесе үй жағдайынды тіс пастасын жағамыз, бірақ оны дәрігерлер құптамайды. Өйткені тіс пастасы күйіктің тез арада емдеуіне көмектеспейді. Керісінше жарақат жағдайын ушықтырып жіберуі мүмкін. Дәрігер келгенге дейінгі көмек мақсаты күйген жерді микроб түсуден қорғау. Жиі үсуге бейім бөлімдер-аяқ жақтың дисталды бөлшектері,құлақ және мұрын. Яғни дененің шеткі,қанмен нашар қамтамассыз етілетін ағзалар. Алғашқы көмек: ең алдымен суықтың ағзаға әсерін тоқтату қажет. Ол үшін науқасты жылы жерге кіргізіп,жылыту қажет. Науқасқа ыссы шай,кофе немесе сүт берсе болат. Бүл үсіктің ең алғашқы сатысында,ал жағдай қиындау болса онда тез арада ауру ханаға апарған дұрыс.