0 дауыс
5.7k көрілді
Нақты және қаржылық инвестициялардың мәні мен мағынасы?

1 жауап

0 дауыс

Нақты инвестициялар ― бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық­өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар, шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланғанкапиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының жәнеэкономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайызалу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.

Қаржылық инвестициялардың есебі 40 "Қаржылық  инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.  Оған 401 "Акциялар", 402 "Облигациялар" және   403  "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.

"401 - 403 шоттары  активті,  күрделі,  негізгі  болып  табылады. Осы  шоттардың  дебетіне қаржылық салымдардың   айдың басы мен аяғындағы қалдықтары,  инвестициялардың   ұлғаю операциялары;  кредит бойынша қаржылык инвестициялардың кему операциялары жазылады.   Қаржылық   инвестициялардың   шоттары  бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша   жүреді.

Қаржылық   инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен  байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының  комиссиондық төлемдері кіреді.

Құнды кағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған кұнының   арасындағы айырмашылыктары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уакыт ішінде амортизацияланады.       

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар   бухгалтерлік баланста: не  ағымдағы құнымен,  не сатып алу құнымен немесе ағымдағы кұнының ең  төменгі бағасымен есептелінеді. [6,87 бет]

Егер де қысқа мерзімді   қаржылық  инвестиция ағымдағы (нарыктық) құнымен  есептелінсе, онда тұрақты   түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның  котировкасы  сияқты.

Қыска мерзімді  қаржылық  инвестиция  өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

Егер де  қыска мерзімді  қаржылық   инвестиция ағымдағы немесе сатып алу кұнының ең   төменгі бағасымен алынса, онда оның  баланстық құнын   келесі негізде аныктайды:

  • жалпы қоржындық  (портфельдік) жиынтығымен;
  • инвестицияның  түрі бойынша  қоржындық  жиынтығымен;
  • жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.

Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан  жоғары болса, онда олардың   айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда —  табыс ретінде танылады.

...