0 дауыс
2.5k көрілді
Ресурстарды тартудың депозиттік емес көздері?

1 жауап

0 дауыс
Банк ресурстары — бұл банктің пассивтік операциялар негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімдіілігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары. Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. 1-ден олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; 2-ден мұндайқаражаттарды тартудың бастамасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі ком-қ банктер айналысады. Өйткені депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады. Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа м. өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан  сатып алынған ресурстары жатады. Банкаралық несие – ком-қ банктердің бір-біріне беретін несиелері. Оған: *овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. *Овердрафт – банктің жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, Банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартақан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие — Бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер — бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаржаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және овердрафт.

Овернайт — банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. Мысалы, оны бүгін кешке алған жағдайда ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.

Овернайт займдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

«Овернайт займдары боынша сыйақы мөлшерлемесі» - ҚР Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін займдары боынша қолданылады.

Овердрафт — банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық Банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымда мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Овердрафт заемдары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді. Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелер бермейді.

Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) — қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.

Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.

Банктердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық Банкі белгілейді.

ҚР Ұлттық банктерінде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру — бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікее байланысты коммерциялық банктердің ҚР Ұлттық Банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.

ҚР Ұлттық Банкі вексельдерді қайта есепке алуда ресми есептік мөлшерлемені белгілейді.

Банктік ресурстарды таартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады.
...