0 дауыс
Жарықтың сыну заңдарын айтып беріңдерші
09.06.2014 41.9k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде,жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.Жарықтың сыну заңдары:1)Түскен сәуле,сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.2)Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.Жарықтың сынуының екінші заңын көбінесе Снеллиус заңы деп атайды.Оны 1621ж В.Снеллиус тұжырымдады.
11.06.2014
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы