Жарықтың сыну заңдары?

0 дауыс
41.5k қаралым
Жарықтың сыну заңдарын айтып беріңдерші
• Санаты: Физика

1 жауап

0 дауыс
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде,жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.Жарықтың сыну заңдары:1)Түскен сәуле,сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.2)Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.Жарықтың сынуының екінші заңын көбінесе Снеллиус заңы деп атайды.Оны 1621ж В.Снеллиус тұжырымдады.

Ұқсас сұрақтар

127,810 сұрақ
322,407 жауап
153,154 пікір
72,849 қолданушы