0 дауыс
3.9k көрілді
Соңғы белсенділік жұмыстарын қарай отырып, мен "ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ АДАМДАРЫНДА ҰЯТ ЖОҚ" дегенді көзім шалып қалды? Қалай ойлайсыздар, ұяты жоқ адамның дәл қазіргі мына біз бен сіз екенімізді дәлелдеп бере аласыздар ма? Болмаса, ұяты бар деген адаммен ұяты жоқ адамды салыстырып, ара-жігін ажыратып беріңіздерші

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менше ұятсыз адам деген қазіргі қоғамдағы бар боп тұрып жоқ дейтін,еш білімі болмасада ақшамен, таныспен шыққан биіггін өзім өрмелеп әзер шықтым дейтіндер,ата-анасын қарттар үйіне апарып тастап үйінде рахаттана чай ішіп отыратындар,баласын жаутаңдатып жетімдер үйіне қалдыратындар,беделдінің алдында құрша жорғалап әкесіне істемеген жақсылықты істейтіндер,өзіне қарамай елді сөгетіндер,өзін біреуден артықпын деп мұрнын шүйіретіндер,ашық-шышық киінетіндер,сол ашық-шашық киінетіндер қасында жаным-күнім деп жүргендер,өз тілін білмей тұрып орыс тілін білмейтін қазақ тілділерге күле қарайтын топас орыс тілді қазақтар и т.б
рахмет, ойыңызды ашық жеткіздіңіз...бірақ, меніңше бұл бар нәрсенің 100-ден бір бөлігі ғана шығар
0 дауыс
бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды!
0 дауыс
Көрмейтін шығармыз!
0 дауыс
Жалпы ұят ар әр адамның өзіне байланысты.Ұятты кім қалай түсінеді ол жағын мен білмеймін!Ал менің түсінігімше қәзіргі заманда қысқаша жеткізгенде ар деген нәрсені әркім өзінен іздеу керек!Және соны тауып ұятты шегіне жеткізіп жатқандарда бар!Оның бәрін Шуақ айтып кетті ал оны қайталамаяққояйын!Жалпы киімге келер болсақ ол осы заман талабы!Ал Шуақтың айтқан барлық минустарын ескеріп шығаратын қортындым біз адамдар ұяттың біздің адамдығымыздың  кепілі екенін ұмытып бара жатырмыз!Біз алдымен бірнәрсенә істерде өзгеден бұрын өзімізден ұялуымыз керек!Оны біреудің көруі немесе көрмеуі шарт емес,Шарттысы сен өзіңнің солай істегеніңді білесің ал соны істегеніңе ұялу ұялмау ол әркімнің өзіне байланысты.Ар алдында таза болуым керек деп ар сөзін бетке ұстап жүретіндере бар!Ал меніңше болмайтын жерде намыстың оянып ар ұятты еске алу ол мүлде дұрыс емес,  Ара жібін ажыратуға келетін болсақ:Мысалға осы сұрақты қоярда осы сұрағым ұят па ұят емеспа деп ойландыңызба?Әрине жоқ сіздің білгіңіз келді,Және осы сұрақты бізге жолдадыңыз.Негізі ұят нәрсе жасадыңыз деп тұрған жоқпын бұл жай қарапайым мысал.Ұятты адам деп мен өзі қаншалық жақсылық жасасада барлығын өз күшімен жасап асқақтанбай өзін белгілі бір дәрежеде ұстап жүретін адамдарды айтар едім!Ал ұятсыз адам деп өзгенің көлеңкесінде жүріп өзге түгіл өзін танымайтын адамдарды айтамын.Негізі біздің қазақтар өзің ішкен құдығыңа түкірме деп жатады,Иә біреудің жақсылығын жеп сосын жағдайы келгенде сен кімсің таныспедік деп тұратын ұятсыз адамдарға айтылған сөз! Ал біздің қоғамда осындай адамдар көп,Негізі біз кейде ұялмай қазақ текті халық деп өтірік кеуіп мақтанып жатамыз.Қыздардың ардан безіп ер азаматтардың намыс деген нәрсені ұмытып бара жатқанын біле тұра осылай айтамыз,Ал бұл біздің ұятсыздығымыздың дәлелі,Теледидардан кішкене жетістік болса өтірік мақтанып қазақтығымызды аттандап кеп жариялаймыз.Ал сол жетістікке қазақтар емес қазақстанда тұрады деген аты болмаса заты тегі бөлек жандар екені мақтанғанда есімізден шығып кетеді,Өзіміздің қазақтардың қазақ тілін білмейтінін ескермей өзге ұлт өкілі Абайдың 1 өлеңін жаттап 2 ауыз сөз айтса ұялмай шіренеміз кеп,Міне еліміздің ұят тұлғасынан ажырап бара жатқан тұсы,Қазақстанда тұрып орыстар екі ауыз сұрақ қойып жауап бере алмай қалсақ орыс қазақ тілін білмегені үшін емес қазақ ұялмай орыс тілін білмегені үшін ұялып тұрады,Тағы ұялмай өз тіліміз бар деп қоямыз!Артық қатты айтсам кешірім сұраймын,Және мен бар қазақ сондай деп көпке топырақ шашудан аулақпын.Бірақ 95%сондай екеніде рас!
...