0 дауыс
3.1k көрілді
Қазақстанның кластерлік экономикасы жайында мәліметтер керек еді?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстандық кластерлердің ең басты мақсаты – елдің бәсекелестік қабілетін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасау. Шикі заттық емес экономика секторын дамыту мақсатында бизнес құрылымдарды тарта отырып, отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілетті болуын қамтамасыз ету  керек.

Қазақстандық кластерлік саясатта дирижистік және либералды үлгілері үйлескен. Кластерлік саясат саланың және онда жұмыс істейтін кәсіпорындардың айрықшылығымен анықталады.

Кластерлерінің дамуына тоқталсақ, «Азық – түлік өнеркәсібі» кластері,яғни, жеміс – көкөніс оңтүстік аймақтарында жақсы дамыған. Дегенмен жеміс – көкөністерді ұзақ сақтауға арналған типтік ірі жеміс – көкөніс қоймалары тапшы. Қойманың басым бөлігі ескірген, күрделі жөндеуге, ауыстыруға және жаңа технологиямен жабдықтауға мұқтаж.

Отандық экономиканы дағдарыстан кейінгі жаңа бағытта дамыту жолында бүгінгі қабылданып және жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен бірге бірнеше жылдан бері әлі маңызын жоя қоймаған жобалардың бәрі – ол кластерлік жүйе болып табылады.

Ел экономикасын дамыту аясында кластерлік жобаларды енгізу қазіргі уақытта да аса маңызды және қажетті шара ретінде қала береді. Әсіресе, экономиканы шикізаттың тәуелділіктен босатуда және оны шикізаттық емес бағыттарда дамытуда, кластерлер және кластерлік жүйенің ролі Қазақстандық экономиканың дәл қазіргі жағдайын есепке ала отырып өзін жаңа қырынан байқатуы тиіс.

Мемлекет экономиканы кластерлік жүйемен дамыту туралы шешім қабылдағанда бір ғана мақсатты көздейді- ол қоғамның әлеуметін, ондағы адамдардың интеллектуалдық ресурстары,қаржыларды,мүліктерді,ғимараттары тұрғынан барынша толық пайдалану.

Кластерлер инновацияларға, өнеркәсіптік дамуға, бәсекеге қабілеттілік пен экономиканың тиімділігіне ықпал ететін маңызды құрал болып табылады. Кластерлік саясат әлемде қазіргі заман жағдайында инновациялық дамудың барабар тетігі ретінде кең таралды.
...