0 дауыс
122k көрілді
Қарапайым сөзбен түсіндіре аласыз ба

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрине, қарапайым сөзбен тусіндіруге болады, дегенмен...жоқ дегенде, кез-келген заттың молекулалардан, молекулалардың атомдардан құралатыны туралы, түсінігіңіз болуы керек.

Мысалға,ертеңгісін,жылы төсектен тұра алмай, маужырап жатқан кезіңізде, ас үй жақтан, мамаңыз демдеп жатқан хош иісті шәйдің, немесе кофенің иісі мұрныңызға сезілсе, дереу көңіліңіз жадырап,ұйқыңыз лезде ашылып кететіні айдан анық. Бұл иістің бөлмеден бөлмеге таралып, сіздің мұрныңызға жетуі, заттардың молекулаларының қозғалысы салдарынан. Молекулалардың көлемі аса кіші болғандықтан, затта олардың саны қыруарды құрайды. Кез-келген заттың молекулалары үнемі үздіксіз, ретсіз қозғалыста болады.Демек шәйдің иісі , бөлмедегі ауаның құрамына кіретін, газдың молекулаларымен түйісіп, ауада бірнеше рет бағытын өзгертеді екен.Сөйтіп , ретсіз қозғалыстың арқасында бүкіл бөлмеге тарап ,сіздің мұрныңызға жетеді екен. Екі зат ,еріксіз бір бірімен араласады.Яғни екі заттың молекулаларының бір бірімен араласып.,біріне бірі өтуі құбылысын диффузия дейміз. Диффузия құбылысы кез-келген заттарда - газда, сұйық заттарда, қатты денелерде де болады. Молекулалардың ара - қашықтығымен, бір біріне деген тартымдылығының өте әлсіз болуы себебінен, бұл құбылыс газдарда тез өтеді. Сұйық заттарда, молекулалары өте тығыз орналасқандықтан, газга қарағанда, диффузия баяу өтеді. Себебі бірінің арасынан бірі өтуі неғұрлым қиындау. Енді .. қатты денелер туралы ,айтпаса да, түсінікті болуы керек.

Айта кететін жағдай, температураның көтерілуі арқылы, диффузия процессі жылдамдап ,үдейі түседі.Себебі жылу күшейгенде, молекулаларда жылдам қозғала бастайды. Сондықтанда қант, салқын шайдан көрі, ыстық шәйда тез ериді.

Диффузияның табиғаттағы маңызы өте зор. Жердегі әртүрлі тұздардың ерітінділерінің диффузиясы өсімдіктерге өте жақсы қорек болады. Ал адамның ағзасында, диффузия арқылы, оттегі, өкпесінен адам қанына тарап ,әрі қарай тканьдеріне жайылады.)

0 дауыс
Бір заттың молекулары мен екінші заттың молекуларының араласуы
0 дауыс
Диффузия ( лат.dіffusіo– таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы; молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әр түрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы.
0 дауыс
Диффузия кубылысы дегенымыз болшектердын козгалыска ушырауы
Спам
0 дауыс
Дуффузия дегеніміз бір иістің таралуын қайтады мысалы асханада тағам пісіріліп жатырса ол иіс дуффузия арқылы басқа бөлмелерге
0 дауыс
диффузия 1 заттың 2 затка айналуы
0 дауыс
Прокурорлардың тоқтаусыз,ретсіз ары-бері қозғалысын диффузия құбылысы дейміз.
0 дауыс
Еш қиыны жоқ кіт
0 дауыс
Диффузия дегеніміз бір зат бөлігінің өздігінен екінші зат бөлігіне қосылуы.
0 дауыс
Диффузия дегеніміз жоғары температурада тезірек жүреді.Диффузия газдарда да , сұйықтықта да және қатты денелерде де жүреді .Газдар сұйықтыққа  қарағанда, ал сұйықтық қатты денелерге қарағанда әлдеқайда тез араласады .

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 1.03.2014 Экология сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...