Әрине, қарапайым сөзбен тусіндіруге болады, дегенмен...жоқ дегенде, кез-келген заттың молекулалардан, молекулалардың атомдардан құралатыны туралы, түсінігіңіз болуы керек.
Мысалға,ертеңгісін,жылы төсектен тұра алмай, маужырап жатқан кезіңізде, ас үй жақтан, мамаңыз демдеп жатқан хош иісті шәйдің, немесе кофенің иісі мұрныңызға сезілсе, дереу көңіліңіз жадырап,ұйқыңыз лезде ашылып кететіні айдан анық. Бұл иістің бөлмеден бөлмеге таралып, сіздің мұрныңызға жетуі, заттардың молекулаларының қозғалысы салдарынан. Молекулалардың көлемі аса кіші болғандықтан, затта олардың саны қыруарды құрайды. Кез-келген заттың молекулалары үнемі үздіксіз, ретсіз қозғалыста болады.Демек шәйдің иісі , бөлмедегі ауаның құрамына кіретін, газдың молекулаларымен түйісіп, ауада бірнеше рет бағытын өзгертеді екен.Сөйтіп , ретсіз қозғалыстың арқасында бүкіл бөлмеге тарап ,сіздің мұрныңызға жетеді екен. Екі зат ,еріксіз бір бірімен араласады.Яғни екі заттың молекулаларының бір бірімен араласып.,біріне бірі өтуі құбылысын диффузия дейміз. Диффузия құбылысы кез-келген заттарда - газда, сұйық заттарда, қатты денелерде де болады. Молекулалардың ара - қашықтығымен, бір біріне деген тартымдылығының өте әлсіз болуы себебінен, бұл құбылыс газдарда тез өтеді. Сұйық заттарда, молекулалары өте тығыз орналасқандықтан, газга қарағанда, диффузия баяу өтеді. Себебі бірінің арасынан бірі өтуі неғұрлым қиындау. Енді .. қатты денелер туралы ,айтпаса да, түсінікті болуы керек.
Айта кететін жағдай, температураның көтерілуі арқылы, диффузия процессі жылдамдап ,үдейі түседі.Себебі жылу күшейгенде, молекулаларда жылдам қозғала бастайды. Сондықтанда қант, салқын шайдан көрі, ыстық шәйда тез ериді.
Диффузияның табиғаттағы маңызы өте зор. Жердегі әртүрлі тұздардың ерітінділерінің диффузиясы өсімдіктерге өте жақсы қорек болады. Ал адамның ағзасында, диффузия арқылы, оттегі, өкпесінен адам қанына тарап ,әрі қарай тканьдеріне жайылады.)