+2 дауыс
960 көрілді
Қазақ тілін сауатты жаза,айта білуіміз қаншалықты маңызды, мысалы осы сайтты қарап отырсаң кейбір құрдастарымыз дұрыс сөйлем құрастыра алмайды,арасында паразит орыс сөздері  көп.Ең болмағанда кирип деген сөзді кіріп деп ағылшын әріпімен алмастырып жазса да болады ғой.Кейбір бауырластарымыз сөйлемдерін ағылшын қарпімен жазып жатқанда,оның елге түсініксіз көрінетінін ұға ма екен?

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ тілінде сауатты жазу әр уақытта да маңызды. Казір комьютерлердің барлығында дерлік қазақша әріптер бар, көптеген телефондарда да бар, ал жазуды өзіміз құнттамаймыз. Мектеп оқушылары көп кіреді екен, ал сауатты жазу - осы мектептен басталады. Сондықтан, сауатты жазып, ойымызды дұрыс жеткізе отырайық.
комьютерлердің болмайды компьютерлердің болады Мұңал аға.
+7 дауыс
Қазақ тілін сауатты жазу үшін бұларға алдымен кириллца жазып үйрету керек сияқты. Себебі, көбі ағылшын әріптерімен жазады, тіпті бір агентте отырғандай. Өз басым ағылшын әріптерәмен жазылған жауаптарды мүлдем оқымаймын. Қиынсынамын.  
Ал, ұялы телефон деген сылтау - мектептегі "Ұйықтап қалыппын" деген сылтау секілді. Жаттанды әрі адамның жүйкесіне тиетін. ұялы телефонмен кіреді де, қате-қате, тіпті ең болмағанда пунктуациядан қате жібермеуге болады ғой. лязка секілді қолданушылар сайтқа кірмей кетеді де, бір рет кіріп быт-шытын шығарып, әйтеуір біреумен ұрысып, банға кетеді. Осының барлығы өзінің кінәсінен болатынын ескермейтінін қайтесің?!
Ия, мен де мектеп оқушысымын, бірақ қазақ тілі мен әдебиетін жақсы білемін деп айта аламын.
Егер артық айтсам алдын-ала кешірім сұраймын. Байқаймын көп нәрсеге көңіліңіз толмайды... Мінсіз адам болмайды ғой мен алысқа кетпей-ақ өз мәтініңізден "әріптерәмен" деген сөзді байқадым.
Мен агентте хаттарды ағылшын әріптерімен жазатын адамдардың бірімін. Себебі қазақ  тіліне ғана тән әріптеріміз хабарлама алушыларға "?" белгісіне айналып түсніксіз болып қалады, ал ол 8  әріпті пайдаланбай хабарлама жазатын болсаңыз "і" әрпінің орнына "и" немесе "қ" әрпінің орнына "к" әріптерін жазу әдетке айнылып кетеді.
...