0 дауыс
779 көрілді
Қыздарды өзіме қаратқым келеді, қандай амалдары бар?
Әдемі болсаң, барлық қыз сенікі. Сол ғо себебі.

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыздың көңiлiн таба бiлсең, қасында бола бiлсең, назарын өзiңе аударта бiлсең, ұнаған қызыңа мейрамдарда сыйлық сыйлап барынша қасынан табылсаң, қыздың өзi-ақ сенi iздей бастайды.
Ия осылай істеп істеп жоғалып кет 70% іздейді )))
бұл шырақ қызды емес, қыздарды дейді ғой.
0 дауыс
Баяғыда кішкентай кезімде махаббат, қыздарды неғылам деуші едім, бірақ өскен сайын керісінше қыздарсыз өмір боспа деп қалам. Негізі қыздарды сындыру үшін арнайы эмоция, масканың керегі жоқ. Жәй ғана шынайы келбетіңді көрсетсең болған. "Қыздар құлағымен сүйеді" дейді ғой. Сол үшін қыздардың құлағына майдай жағатын әдемі сөздерді құя беру керек. Жалпы айтқанда "СЫНБАЙТЫН ҚЫЗ ЖОҚ, СЫНДЫРА АЛМАЙТЫН ЖІГІТ БАР"- дейді ғой. Сол СЫНДЫРА АЛМАЙТЫН ЖІГІТТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА БОЛМАСАҢ БОЛДЫҒОЙ ІНІМ
–1 дауыс
Кім, туалетке барып зәтіңді сүрте алмай жүріп, "қыз, қыз" - дейді ғой. Сабағыңды оқы, оқы, оқы.)))
0 дауыс
Менің оқыған бір әңгімемде мың жігіттің назарында болғаншы бір жігіттің жүрегінде бол деген сөз бар еді саған айтарым сенде бір қыздың жүрегінде болғаның дұрыс. Ең негізгісі адамның адамгершілік қасиеті.
0 дауыс

Атын айтсаңыз өзі-ақ қарайды емес пе?!

Сен:Айнұр!

Айнұр: Ау!

Сен:))қарады)

Сұраққа келейік:

Оны қарату үшін әрине бірінші оған ұнауын керек,қылықтарын,келбетін(онша маңызды емес,кейде..),т.б!

Жайлап сөйлесе беру,көргенде сәлемдесіп,қалжыңдап,көп қой содан кейін бастайсын ғой!

Мәлемет кәдеңізге жарап қалар massaget.kz сайтынан алынды!

Қызға ыңғай білдірместен бұрын оны зерттеп алу керек деп ойлаймыз. Арудың психологиясын, таным түсінігін ұққаннан соң жоспар құрып, іске кіріскен жөн болады. Олай болса, қазақ қыздарының ойлау жүйесін саралай отырып жасаған кішкене зерттеуімізді қабыл алыңыздар. 

Бірінші әдіс - "Қос көгершін" әдісі. Бұл әдістің принципі қызға барынша жақсы сөздер мен ықыласыңызды танытуға келіп тіреледі. Яғни, реті келген тұста ер-жігіт мақтау айтып, қыздың керемет екендігін есіне салудан тайсалмауы тиіс. Көпшілік жерде бір жүргенде міндетті түрде қасынан табылып, бар құрмет пен қошеметін көрсетуі керек. Осылайша, әрдайым қыздың қасынан табылып, жылы сөздерді аямай, бар еркеліктерін орындау арқылы қыздардың бір тобының көңілінен шығуыңыз мүмкін.

Екінші әдіс - "Қашқын". Көңіліңіз ауған қызға бірнеше күн бойы хабарласып, көңіліңіздің бар екендігін еппен білдіріңіз. Киноға, кафеге, паркке шақырып, барынша көңілін аулауға тырысыңыз. Осылайша, қыздың көңілі бері қарады-ау дегенде 2-3 күн хабарласпай, ұшты-күйлі жоқ болып кету керек. Сізге бауыр басып қалған қыз, әлбетте, жан-жүрегімен сізді іздейтін болады. Күтетін болады. Бірнеше күн өткен соң телефон шалып, халін сұрағаныңызда, ол ару ескі досын кездестіргендей қуанатыны анық.

Үшінші әдіс - "Тасадан келу". Кейде ұнатқан қызыңыз тым тәкаппарлық танытып, сізді елмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда осы үшінші әдіске жүгінген дұрыс деп ойлаймыз. Қыздың жақын достарымен жақсы араласып, өзіңізді жақсы жағынан барынша көрсетуге тырысыңыз. Ару сіздің керемет адам екендігіңізге көзі жетіп, білген соң, өзі сізге қадам жасап, ыңғай білдіре бастайды. Тек сол сәтті қал жіберіп ала көрмеңіз.

Және осындай сұрақ осы сайтта қойылған қарап көргейсіз!
МІНЕ

0 дауыс
Әр қыз әртүрлі, әрқайсысын қарату жолы әртүрлі.

Ұқсас сұрақтар

...