0 дауыс
1.9k көрілді
Базель келісімдері және оларды Қазақстанда ендіру?

1 жауап

0 дауыс

Қазіргі таңда ТМД елдерінің ішіндегі  Қазақстанның банк жүйесінің  мәртебесі жоғары, сондықтан Қазақстанның қаржы мамандары бір орында қалып отырғысы келмейді. Көрші елдер Базел I-ге өтуді жоспарлап жүргенде, қазақстандық қаржы мамандары Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің жаңа келісімін Базель III-ге өтуді қарастырып отыр.

Базель I келісімі 1988 жылы қабылданған, оның маңыздылығы тәуекел есебімен капиталдың  активтерге қатысында. Әр түрлі  ктив категориялары  үлкен коэфиценттерге көбейтіледі. Мысалы, Базель 1-ге байланысты дамушы елдердің 1 жылға дейін  мерзімімен алынған банктің несиесіне 20% коэффициент қолданса, ал дамығн елдің корпорация  несиесіне 100% қолданады.

Базель II келісімінің 1-ші версиясы 1999 жарияланды, және әлі күнге дейін  дамып келеді. Бұл келісім проекті капитал жеткіліктіліктің реттеудегі бірін-бірі қоштайтын 3 бағытын қарастырады.

Жеткіліктілік коэффициентін есептеудің жаңа методикасы. Капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттер көмегімен анқталады, банктік нарық пен операциялық тәуекелдерін, заемшының  несие тәуекелін өзгерте отырып.Бұл жаңа тәсіл тәуекелдерді білдіртпей дифференциялау мүмкіндігін бере отырып, келісімінің ортақ элементі болып табылады.
Капитал жеткіліктілігін қадағалау арқылы барабарлықтың нәтижелі бақылауы мен банктердің  ішкі тәсілдерінің жұмыс істеуін жорамалдауға мүмкіндік береді.
Нарық дисциплинасы, яғни банк капиталының құрылымы мен барған тәуекелдер жайлы толық мағлұматтың анықтылығы және осыларды негізге ала отырып клиент, банк және эксперттер  капиталдың жеткіліктілігі жайлы өз сындарын бере алуы әбден мүмкін.

Базель II-нің Базель I-ден айырмашылығы оның келісім ретінде құрылуында, нақты тәуекелдерге байланысты капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің  максималды дифференциялауға бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстан Банктік қадағалау жөніндегі комитетінің жаңа келісімін Базель III-ке көшуді қарастыруда. Жуырда белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  Базель III – ке өту шаралар жоспарын әзірлеуде. «Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері Базель III – ке 2015 жылдың қаңтарынан бастап көшеді» деген мәліметті Ұлттық Банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. «Жалпы қазіргі таңда Базель III ке көшу жоспарын АҚШ, Ұлыбритания, Ресей сынды мемлекеттер құруда. Бұл келісімнің жүзеге асуының ақырғы мерзімі 2019 жылдың 1  қаңтары, ал кейбіреулер тіптен 2014 жылдан бастап халықаралық банктер келісімге өтеді деп жатыр. Осыған қарағанда нақты өту мерзімі белгісіз болып отыр», - деді Ұлттық Банк төрағасы. Келимбетовтың айтуы бойынша, «қазір елімізде банктік лицензия алу үшін өзінідік капитал мөлшері 10 миллиард немесе 70 миллион теңгені құрауы керек дейді. Елімізде қазір 38 банктер жұмысын атқарып жатыр, ал 2019 жылы банктік лицензия алу шарттары қиындай түседі және өзіндік капитал мөлшері көтеріледі» деген болжам жасап отыр.

...