Банктің тұрақты дамуының алдыңғы міндеттемесі, банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қаржы тұрақтылығын нығайту және банктердің жұмысын жқсарту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу агенттігі «генттік) әкімшілік, қаржылық, заң тұрғысынан т.б банк тарапына деген іс-шаралар қолданады, осыларды консервация дейміз.
Консервация режимі бнктің системалық (3 ай мерзімі ішінде) өзінің міндеттерін толық атқармай және өзіндік капиталының жеткіліксіз мөлшерде болу кезінде немесе Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет» туралы заңының 48 бабына сәйкес орындалады. Консервация банктің қаржысы есебінен жүргізіледі.
Консервация режимін орнату деген оған уқытша әкімшілік тағайындау дегенді білдіреді. Олар өз алдына банктің өз міндетін толық орындауын қамтамасыз етіп, оны сақтауға және нығайтуға шаралар ұйымдастырады. Консервация кезінде уақытша әкімшілік банктің кейбір операцияларын тоқтатады. Сонымен қоса қаржылық, заң тұрғысынан кейбір шараларды қолданып, банктің сауығуына жәрдемдеседі.
Консервация жоспары:
- банктің барлық активтері мен мүліктерін инвентаризациялау;
- басқарудың оптималды жүйесін орнатып, жұмысшылардың керекті санын анықтап, өзгертулер енгізу;
- банктің бұрын жасасқан келісім-шарттарын тексеріп, олардың дұрыстығына көз жеткізу;
-активтердің сапасын, бұрынғы қарыздарды қайтару жолымен жақсарту және т.б шаралар.
Ал Банкті консервациялауды тоқтатудың бірден-бір себебі, банктің қаржылық жағдайынынң жақсаруы. Консервацияны тоқтату банкке алдында қойылған шектеулерді алып тастап, толыққанды жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Бірақ сонымен қатар, консервация кезінде болған өзгерістер, ішкі құжаттық немесе жұмысшылар тарапына болған, сол өзгертілген күйінде қалады.