0 дауыс
716 көрілді
Банктердің ерікті және мәжбүрлі таратылуы туралы ақпарат керек?

2 жауап

0 дауыс
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V020001837_
0 дауыс

Қазақстан Республикасының банк заңнамасында проблемалы банктермен жұмыс істеудің бірқатар құралдары көзделген, оларға мыналар жатады: мемлекеттің Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан проблемалы банктің акцияларын сатып алуы, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, проблемалы банктің активтерін қайта құрылымдау, проблемалы банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру операциясын жүргізу, банкті тарату.

2008-2009 жж. әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жою мақсатында мемлекет соңғысын қоспағанда, көрсетілген құралдарды Қазақстан Республикасында ірі коммерциялық банктерге қатысты алғаш рет қолданған болатын.

Банкті тарату отандық банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап қолданылған ақырғы құрал болып табылады.

Банкті таратудың негізгі міндеттері банктің істерін аяқтау мен оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету болып табылады.

Банк заңнамасында банкті ерікті түрде және мәжбүрлеп тарату көзделген.

Ерікті түрде тарату банк акционерлерінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару шараларын қабылдауға міндетті. Сондай-ақ банктің барлық міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін қаражатының жеткілікті болуы да ерікті түрде таратуға рұқсат берудің қажетті талабы болып табылады.

Банкті мәжбүрлеп тарату сотпен мыналарға:

а) банктің банкрот болуына;

б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негіздер бойынша банкті банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан айыруға;

в) заңнамалық актілерде көзделген басқа негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың банктің қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап-арызына) байланысты жүргізіледі.

Жоғарыда аталғандай, көрсетілген құрал отандық банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап Қазақстан Республикасында белсенді түрде пайдаланылды. Мәселен, 1998-2000 жж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсартуға және екінші деңгейдегі банктердің тиімді банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келуіне бағытталған бірқатар реформаларды жүзеге асырды.

Банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін (01.04.2013ж. жағдай бойынша) ерікті және мәжбүрлі тәртіппен 114 екінші деңгейдегі банк таратылды.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізінен екінші деңгейдегі банктерді мәжбүрлеп тарату құралын қолданды. Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негіздер бойынша банкті банк операцияларын жүргізуге берілген  лицензияларынан айыру негізі бойынша мәжбүрлеп таратуға жан-жақты тоқтап өткіміз келеді, өйткені бұл жағдайда кредиторлардың, әсіресе жеке тұлғалар – депозиторлардың құқықтары мен мүдделері қозғалады және оларға нұқсан келтіріледі. Ал ерікті түрде таратылатын банк кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыру уәкілетті органның оны ерікті түрде таратуға рұқсат беруі кезіндегі міндетті талап болып табылады.

Банк лицензиясынан айырылғаннан кейін және банкті тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті тарату комиссиясын тағайындайды, ол банкті тікелей таратуды жүзеге асыратын және банкті таратудың негізгі міндеті:  банктің істерін аяқтау мен оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз етуге қол жеткізетін органды білдіреді.

Банкті таратудың бүкіл процесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің атынан уәкілетті органның жіті бақылауымен жүзеге асырылады.

...