Қытай Халық Республикасы — Жұңxуа Халық Республикасы — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.
Қытайлар өз тегінің бастауын Манқыстаудан алады. Оларда Манның ұрпақтары, яғни Манғыт тайпасынан тараған. Бұл жерде «Ад»-қа «ай» деген көпше жалғау жалғанып, Адай сөзінің дүниеге келгені сияқты, «Манғытқа» да «ай» жалғауын жалғасақ Манқытай болып шығады да, «Ман» мен «Ад»-тың бір мағынада екендігіне байланысты, алдыңғы Ман деген атасы айтылмай «Қытай» болып шыққан. Міне осылайша, «қытай» таза қазақ сөзі. Орыстардағы «Рус» деген сөздің орысша мағынасы жоқтығы сияқты, Қытайда да бұл сөздің Қытайша мағынасы жоқ. Қазақтардың оларды күні бүгінге дейін Қара Қытай дейтіндері осыдан. Олар ерте замандарда Қарақан қағандығының, тіпті күні кеше Шыңғыс қаған құрған алып империяның құрамында болды. Тіпті олардың күні бүгінде қолданыста жүрген ақшаларының атын да Юан деп қойған біздің аталарымыз. Қытай тайпалары да кезінде осы Манқыстаудан кеткен.
Бұл күнде Қытайға қола қорыту техникасының да, қола қаруларды өндіру өнерінің де қазақ даласынан, қазақ елінен барғандығы археологияда дәлелденген шындық.
Адамзат мәдениетіндегі ең көнесі, ең ұзаққа жалғасатыны, арада сан мыңдаған жылдар өтсе де қалпы біршама жақсы сақталып келе жатқаны да тіл екендігі белгілі. Сондықтан, тіл қазір де адамзат тарихы мен мәдениетінің жүйесін қуалауда ең сенімді құралдардың бірі саналады.
«Қытай тілі қалыптасу барысында түркі тілдерін (қазақ тілін М.Қ.) өзінің лексикалық қайнары еткен. Қазіргі қытай тіліндегі көптеген түбірлер баба түркі тілінен (қазақ тілінен М.Қ.) барған. Бұл осы екі тілдегі жер, су, топырақ, жапырақ, күн, таң (аспан), жар, үй, саусақ, тыңда, көр, жүр, кел, кет, жүз, сой, үйрен, жебе, қап, қой, кент, ұлу (айдағар) сияқты ең байырғы жүздеген негізгі түбір сөздерде байқалады» (Я. Құмарұлы: «Алыстағы ата мұра», Ұлттар баспасы, 2003 ж. 41 бет).
«Бұл кезде (Х111 ғасырдың басы М.Қ.) бүкіл Орта Азияға қарақытайлықтар иелік ететін. ...Қарақытайлықтарды моңғол шапқыншылығынан кейін бір жаққа қоныс аударып, ауып кетті деуге негіз жоқ екенін айта келіп, өзі тапқан екі дерекке назар аударады. Оның бірі Құрбанғали Халитовтың «Тауарих Хамсасы», екіншісі шүршіт тайпасынан шыққан Темірбай Бектасовтың жаздырған шежіресі. Ол, мынандай: Найман, одан Белгібай, одан Елте (Ел-ата), Бағаналы, Балталы, Сүгірше, Сүйініш, осының Сүгіршесінен Сарыжомарт пен Төлегетай, Төлегетайдан Қытай, одан Қарагерей, Матай, Садыр, Төртуыл тарайды.
С.Аманжолов осындағы Қытайды тайпалар одағының аты деп қабылдайды. Т.А.Жданконың деректеріне сүйене отырып, Х11 ғасырдан бері олардың қазіргі Талдықорған облысының терістік шығысы мен Шығыс Қазақтан облысының оңтүстік шығысын мекендегенін анықтайды. Сөйтіп қарақытайлар сол кезеңнен бастап қазіргі наймандардың бір бұтағы болып келеді деген тұжырым жасайды. Оған мынандай дәлелдерді негіз етеді:
бірінші, Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде қазіргі ұғымдағы қытайларды табғаш немесе тавгаш деп атайды. Сонда басқа түркі тайпаларымен бірге, мысалы, усундармен, қырғыздармен, татарлармен, ашиналармен (Алшындармен М.Қ.) үш құрықандармен қоса қытай атауы да аталады. Бұл басқа емес, осы Садыр, Матай, Төртуыл және Қарагерейден тұратын тайпалар одағы. Қытайлар бұған дейін өз алдына жеке дербес болғанымен, Х11 ғасырдан кейін наймандар одағына қосылған;
екінші, Махмұд Қашқаридың «Диван Лұғат-ат-түрк» (Х1 ғ.) атты шығармасында қытайлар түркі тайпаларына жатқызылады;
үшінші, академик В.Бартольд: «Мұсылман тарихшылары Хижраның 408 жылы (жыл санауымыз бойынша 1017-18 жылдар) мұсылман емес түріктер қоныс аударғанда арасында қытайлардың болғаны жөнінде айтады...
төртінші, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның мәліметі бойынша Садыр тайпасының қытайша шато болып аталатынын көруге болады. Шатолар Шығыс түріктерінің өмірінде үлкен роль атқарады. Мұның сыртында Орхон-енисей ескерткіштерінде аталатын чуй тайпаларының бірі чуэ казіргі Садырлардың арасында бар. (М.Тынышпаев ұсынған кестеде Садырдан Тон Чуе және Сарыжетім, осының Чуесінен Итемген, Дегенші және Шағыр тарайды).
Бесінші, қытай деген тайпа атауы өзбектердің арасында да сақталған. Өзбектерде қытай атауы қосарланып (қытай-қыпшақ) аталатындықтан, олардың бүкіл Орта Азияға үстемдік етіп тұрған кезінде Қазақстанның шығыс облыстарынан келгенін аңғаруға болады. Осы орайда қытай тайпасы атауларының теңеулерінің мысалы, череуші-қытай, мәнжулі-қытай, аралбай-қытай, қайшылы-қытай, қазаяқты-қытай, қайын-қытай, екішейх-қытай болып келуі ерекше назар аударады. Қытай башқұрттар мен қарақалпақтардың арасында да бар.
...Қытай атауы тек наймандарда ғана емес, қазақтың біраз ру-тайпасында бар. Айталық, жоғарыда айтылған қыпшақтар арасындағы қытай-қыпшақ, сары-қытай, құлан-қытай жалайырлардың шуманағындағы маңғытай, қоңыраттардың көтеншісіндегі маңғытай керейлердің абағындағы шереуші-қытай және басқалар. Осының бәрін кездейсоқ ұқсастық деп қарауға бола ма? Тарих дерегіне қарасақ, батысқа не шығысқа қоныс аударып, ауып кеткен, болмаса қырғынға ұшыраған қарақытайлықтар және байқалмайды. Сонда бір кезде көшпелі империя дәрежесіне жеткен қара қытайлықтар қайда кетті? Көкке ұшты ма, әлде жер жұтты ма? Егер осының бірі де болмаса, сөз жоқ, онда олар көрші тайпалардың құрамына кіріп, сіңісіп кеткен болады ғой. Ендеше бұл да халқымыздың көне тарихын уақыт талабына сай жаңа бағытта зерттейтін ғалымдардың назарды баса аударар бір үлкен мәселесі болуға тиіс. Бұл арада қарақытайлықтардың тегі қытай емес екенін де есте ұстаған жөн. Осы айтылған әңгімелерден менің бір байқағаным қазақ халқының құрамына енген қай тайпа туралы сөз қозғасақ та, әлі күнге біреуінің не атаулық мәні ашылмаған, не шығу тегі нақты көрсетілмеген, бәрі де шамасы осылай деген болжам төңірегінде. Сонда қазақ халқының көне дәуірінің нақты тарихы қалай жазылмақ? Бұл шамасы таяу уақытта бітпейтін шаруа болса керек? (Салғараұлы Қойшығара «Қазақтың қилы тарихы» Алматы-1992. 257-259 б.б.). Бұл сұрақтардың жауабы төмендегіше:
- Қытайлықтардың өз тегін Маңғыстаудан шыққан Маңғыт тайпаларынан алатынын жоғарыда айттық. Бұған басқа дәлел іздеп бас қатырудың да қажеті шамалы. Манғыттың да, Манқыстаудың да бастау алар жері Ман атамыздың атынан шығады.
- Қарақытай атауындағы Қара сөзі де өз бастауын Манқыстаудың ең түкпіріндегі Түпқарағаннан (Қараған түп, Қараған түбек) алады. Өздеріңіз көріп отырғандай «түп» сөзі кез келген ұғымның бастау алатын жерін білдіреді. Мысалы, қазанның түбі, құдықтың түбі, теңіздің түбі, түп ата, осыған сәйкес сөз түбірі (өз түбі) т.т. болып жалғасып кете береді. Осындағы Қара сөзінің түбірі бүкіл әлемге Ар деген ұғымды да, осы есімді өздеріне атау етіп алған елдердің бәрінің шыққан тегі мен жерін білдіреді. Олардың қатарына Қазақтың үш арысы, Сегіз Арыс Адайлар, яғни Адайдың сегіз немересі, Үнді – Арийлер, Парсылар, Арап елдері т.б. жатады.
- Бұны түсіну үшін Қаз (ан, ар, ақ, ия, стан) атанған елдің бүкіл әлем елдерінің бастау алатын ел екендігін мойындауымыз керек. Бұл жерде шындығында адам түсінбей, бас қатырардай дәнеңе де жоқ. Себебі, бүкіл әлем елдерінің түп атасы қазақтың ру, тайпа аттарында әлі сол бұрынғы бастау алған күйінде қалып отыр. Бұны толық түсіну үшін Қазақ елін Адам атаның қара шаңырағы екендігін мойындасақ жетіп жатыр. Қазақтың ежелгі шежіре, жыр-дастарындағы Өзбекті де, Қарақалпақты да, Қырғызды да тіпті бәрі-бәрінде өз ағам деп атайтыны осыдан. Бүкіл әлем елдері мемлекеттерінің дүниеге келуі, қазақ отбасыларының дүниеге келуімен бірдей. Айталық, бір Атамыздың он екі баласы бар. Атамыз ең бірінші, ең үлкенін үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, бөлек отау етіп тігеді. Қалған онын да осы ретпен отау етіп шығарады. Атамыз ең соңында кенже баланың қолында қалып, ол үй Қарашаңырақ немесе Ошақ деп, ал балаларының ең үлкені Тақ мұрагері деп аталады. Қазақтың Отбасы Отанның шағын макеті, Отан отбасыдан басталады дейтіні осыдан. Міне осылайша, бүкіл әлем елдері қазақтан бөлініп отау тікті. Бөлінбегендері қара шаңырақта қалып 105 таңбалы бүгінгі қазақ мемлекеттігін құрап отыр. Бүгінгі әлем елдері атауларының барлығы дерлік қазақтың ру, тайпа атауларында сақталып қалғанының себебі осы.
- Қытайлықтар Манқыстаудан кеткен жеті жұрттың бірі ретінде Түмен Балтабасұлының «Маңғыстау» атты жырында аталады:
...«Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған?
Қара жер қаза жетсе кімді алмаған?
Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,
Айладыр алтау болса, қалмақ жетеу -
Ерлерден ертедегі қалынған жер» (Әзірбайжан Қонарбаев «Түмен Балтабасұлы» Алматы-2009. 22 бет). Өздеріңіз көріп отырғандай аттары аталған елдердің ешқайсысы Маңғыстауға жаулаушы болып келген ел емес, отау болып кеткен ел ретінде жырланады. Әйтпесе, олар Ер (батыр) деп дәріптелмеген болар еді. Мысалы, Алтын Орда мен Осман империясын күйреткен Темірді, мына көрші өзбектер Әмір, Көреген, Сақыпқыран деп үлкен құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны ауыл, үйдің тентек баласы іспетті, жай ғана Ақсақ Темір деп атаған. Қазақта дені дұрыс, құрмет көрсететін адамының дене кемшілігін есіміне қосып атамайды. Әйтпесе, ежелгі қазақта дене кемшіліктері (соқыр, шолақ, бүкір т.т.) бар билеушілер (хандар мен қағандар) аз болмаған.
Армян тарихшысы Егише Вардапет 450 жылы былай деп жазыпты. «Ү ғасырдың 50 жылдарында Ақхұндар іргелі елге айналып, парсыларды ығыстырып, олардың шабуылына тойтарыс беріп, ата қоныс көршісі Қытайға 456 жылы тұңғыш елшілігін жөнелтті. Бір кезде өздерін мекенінен қуған Қытаймен қарым-қатынас жасамақ болғаны, ең әуелі, қыр көрсету ғана емес, өзінің әлемге әйгілі тұлғалы ел болғанын Иранның Сасанит әулетінің патшасы Перозды (459-484) күйрете жеңуі негізгі себеп болды» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 75 бет).
Қытай елінде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі философиялық ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғасырында Орталық Азиядағы Кушан патшалығынан Шығыс Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зороастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды. Олар да біздер сияқты ата-баба аруағына мінәжат етеді.
Адайдың шежіре дерегі бойынша қытайлар, Адайдың сегізінші немересі Мұңалдың Қиятынан тарайды. Қият, Қиан, Қидан, Қыпшақ, Қытай – бәрі бір түбірден.
Бүгінгі Қытайдың ресми дерегі бойынша да б.з.б. 140 – 87 жылдары конфуцийшілдік ресми идеологияға айналған. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол (қазақ-мұңал) тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. Олардың ақшаларының Юан деген атау алуының сыры осы.
Б.э.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің (Сары өзен) орта және төменгі ағысында тұстарын, Боқай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «жун» немесе «цзян», оңтүстікте — «ман». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «й» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.
Міне бүгінгі Қытайды құраған елдердің сол өңірге қазақ даласынан барғандықтарының айдай айғағы. Қытайдың негізін қалаған Хан әулеті дегеніміз, Маңғыстаулық Қаңға бабалықтар (Қан аға) болып табылады. Қытай жеріндегі жер-су, ру, тайпа атауларының бәрі-бәрі қазақи атаулар. Ал, олардың өздерін «Й» деп атайтындары, бұл Атаның (Аданың) баласымыз дегені. «Ман» мен «Жүнге» келсек, Манымыз сірә Ман (Манқыстау), ал Жүн (Жун), бұл Күн елінің ұрпағы, яғни мал баққан елдің ұрпағымыз дегендері болып табылады.
«Қытай тарихшылары өз елінің ең ежелгі тарихын былай бастайды: «Қытайлармен алғашқы байланысқа түскен Сиуңнулар мен Қытайдың алғашқы билеуші әулеті бір әулеттен болатын». Немесе қысқаша айтқанда «Қытайлардың алғашқы билеуші әулеті көшпенділер әулетінен шыққан» деген сөз. Қытайдың алғашқы билеуші әулеті де, көне Қытайдағы бірнеше княздіктің басын біріктіріп, «Аспан асты империясын» құрған Ши Хуан-ди патша да көшпенділер әулетінің өкілдері. Осы жерде түрік императорлары өздерін «Көктің ұлы», «Тәңір құт» деп атағанын айта кеткен жөн. Түріктердің ұстанатын діні – Тәңір діні десек, түріктер Тәңір құдайдың мекені аспанда, зеңгіркөкте деп есептеген. Ал, өздерін тәңірдің жердегі өкілі – Көктің ұлы деп атаған. Сондықтан да, олар құрған империя Көктің ұлы империясы – Аспан асты елі деп аталған.
Қанша ерте дамыған дегенмен қазіргі ғылымға белгілі қытай жазба тарихы б.д.д бірнеше ғасырдан ғана осылай басталады» (Бекжан Бейсенбай, отырартанушы «Пирамидаларды салған кім?).