0 дауыс
21.9k көрілді
Я, әр адам әр қалай ойлайды. Әр кім өмірді өзінше бағалайды. Жалпы адамға бұл өмірде ең маңызды қымбат нәрсе не? Адамның өмірге келген миссиясы не, не себеп? Толық жауап күтем

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамдар мен жындардың жаратылу мақсаты Адамдардың жаратылуынан болған мақсат Аса рақымды ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау бүкіл әлемдердің жаратушысы Аллаһқа тән, Оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын! Шындығында Аллаһ Тағала адамдарды оның серігі болмаған жалғыз өзіне құлшылық етулері үшін жаратты және пайғамбарларды адамдардың жаратылуынан болған хикметті оларға баяндаулары үшін, оған шақыру үшін және құлшылықтың түрлері мен оның қателіктерін, оған қарама қайшы келетін нәрселерді адамдарға баян етулері үшін жіберді. Аллаһ Тағала осы өмірді, осы дүниені ақыретке кесіп өтетін бір жол қылды. Кімде кім өмірін Аллаһқа бой ұсынумен, Оған құлшылық етумен және құлшылықтың барлық түрінде Аллаһты бірлеумен әрі оның жіберген пайғамбарларына ергесумен өткізсе, амал қылу майданынан (осы өмірден) зор сыйлықтар мен табыстарға ие болатын майданға (ақыретке) аттанып, ондағы нығметтер мен қуаныштарға, ондағы құрмет пен бақытқа бөленеді. Ол сондай сыйлық, оның нығметі ешқашан таусылмайды, онда адамдар өлмейді, олардың кйімдері тозбайды, олардың жастық шақтары өтпейді, керісінше олар әрдайым нығметте, әрдайым амандықта, әрдайым жастық шақта бақытты өмір сүреді. Оларға Аллаһ тарапынан былай делінеді:«Әй, жәннәт иелері! Сендер бұнда өмір сүресіңдер де, ешқашан өлмейсіңдер, сендердің дендерің сау болады да ешқашан ауырмайсыңдар, сендер әрдайым жас боласыңдар да ешқашан қартаймайсыңдар, сендер нығметке бөленесіңдер де, ешқашан қорлық көрмейсіңдер»[1]. Міне, Аллаһқа құлшылық еткен және пайғамбарына бой ұсынғандардың халдері осындай, олар жәннәтта қалаған нәрселерінің барлығына қол жеткізеді. Олар осы өмірде жалбарынып дұға қылып сұрағандарына жетеді. Олар жәннәтта Ұлы Аллаһ Тағаламен қалағандарынша жолығада да, Оның құрметті, аса ұлы жүзін көреді. «Бұл аса жарылқаушы, тым мейiрімді Аллаһ тарапынын болған бір сыйлық»[2]. Толығырақ: http://www.darulhijra.ru/kutub/kazakh/65-maksat.html
0 дауыс
Ен кымбат нарсе аяулы анаң емеспе
Әкең қайда қалады?
0 дауыс
Адамның өмірге келуінен миссия, мақсат, мағына іздеу еш қажеті жоқ, жәй ғана кездейсоқтық қой
Wwwww Сіздің жауабыңызға келіспеймін ал Ұлықбектікі 100000% дұрыс
Ақтөре98, әркімнің ойы, талғамы бөлек екенін ұмытпа.
Өзіңіз сұрақ қойыпсыз, "әр адам әр қалай ойлайды" деп, өз ойларыңызды жазыңыз депсіз, енді келіп жауабыма келіспеймін депсіз. Сіздің келісіп-келіспейтініңізде шаруам жоқ, мен тек өз ойымды, өмірге көзқарасымды жаздым. (мен мысалы Ұлықбектің жауабына қарсымын, бірақ оның сеніміне еш қарсылығым жоқ, өз ойында бола берсін)
0 дауыс
Әр адамның ойы әр түрлі ғой.Мысалы мен үшін бұл өмірдегі ең маңыздысы махаббат сияқты.Махаббатқа бәрі саяды..
0 дауыс
Мен үшін ең қымбат нәрселер: Анамның және жақсы көретін адамдарымның күлкісі, өзім жақсы көретін адамдардың "Медееет" деген сөзі) , жақсы көретін адамдарымның денісау болуы. Ең маңызды нәрсе: өмірден өз орнымды табуым, өзіме лайықты мамандық табу-оқу, өзіме лайықты қарапайым жар-әйел табу, ата-анамның үмітін ақтау, өзіме көмектескен адамдарға көмектесу және АЛЛАХ ТАҒАЛАНЫ ұмытпау, осы маңызды нәрселерді орындау үшін барымды саламын, менің мақсатым-миссиям осы..
0 дауыс
Мені үшін ең қымбат нәрсе:Отбасымның амандығы.
0 дауыс
Әр адамға ең қымбаты-өзінің отбасы деп ойлаймын
0 дауыс
Мен үшін-мен үшін ең қымбат нәрсе Денсаулық. Қалғандары өмір ағымымен келе береді.
0 дауыс
жанұя достар және Ең бастысы Өмір ағымында адасып қалмау ҚОҒАМда бейбіт өмір сүру мейлі тілін ділін ДІНІН әр түрлі болса да!!! ҚРда туылғаныма ШҮКІРШІЛІК етемін! енді кешігіп жауап бергеніме кешіріп сұраймын! ЖЖ таңдап жіберсендер Ұлықбек брәтән реңжіме:) Мен жалпы жан жақты тақырыпта қозғап жауап бердім сол үшін жауабыма дұрыс баға берсеңдер)))
0 дауыс
Өмір ана апа папа ата
...