0 дауыс
"Сәт" триосының "Көнеміз ғой" әнінің сөзін тауып бере аласыздар ма? Тез арада керек.
05.11.2011 5.2k қаралым

1 жауап

+7 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Көнеміз ғой

«Өлі балық жолығар өлмегенге»,
Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!
Өмір деген осындай, жаным менің,
Қайтер едік, өмірге келмегенде?!

Қайтер едік, өмірге келмегенде,
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?!
Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.

Не де болса, тәуекел, тең көреміз,
Әкел бері қайғыны тең бөлеміз!
Бірімізге-біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік.

Қақ бөлейік қайғыны,
Келісеміз.
Алауын да, уын да тең ішеміз.
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге,
Тепе-тең ғып біз үшке тең бөлеміз!
05.11.2011
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы