0 дауыс

Астанада болып жатқан Асық party яғни Асық пати туралы ақпарат керек? Мұндай шараны кім ұйымдастырып жүр.

28.05.2014 995 қаралым

2 жауап

0 дауыс
25 Мамыр 2014, 16:42 Елордада асық атудан республикалық ашық турнир өтіп жатыр image АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Асық атудан республикалық ашық турнир басталды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қаласының ойыншыылар келіп қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ. Сондай-ақ, жарыста елімізге танымал тұлғалар Қайрат Нұртас, Досымжан Таңатаров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, жазушы Қойшығара Салғарин да өнер көрсетеді. «Біз осы ұлттық ойынымызды дамытып, телеарна мен телефонға телмірген балаларымызды ашық аспан астында ойнауға алып шықсақ дейміз. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Сондай-ақ, асық ату көздің көру қуатын арттырады. Біз асық ойынын қазақстандықтар арасында ғана емес, әлем қазақтары арасында дәріптеуді де ойлап отырмыз. Жақында Берлинде өтетін Еуропа қазақтарының құрылтайына да осы асықтарымызды алып барып, турнир ұйымдастырамыз. Сол арқылы шетте жүрген қандастарымызды да ұлттық ойынымызды дамытуға шақырмақпыз»,-дейді Асық ату федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов. image ақпарат: http://www.kazinform.kz/kaz/article/2661564 http://tv7.kz/kz/news/show/9268
28.05.2014
0 дауыс
Асық pаrty Астанада 17 мамырда басталды.Оны ұйымдастырушылар Берік Сұлтан мен Мұхамедәлі Болатұлы.Асық pаrty ар сенбі де жастар Бәйтерек маңында жиналып,ашық аспанда ойнайды.Ұйымдастырушылар әр қатысушыға 1сақа және 3асық беріледі.Жеңген адам ауыспалы кубокқа ие болады
28.05.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы