0 дауыс
1.3k көрілді
Азия тобының әншісі Ренат Баситовтың жағдайы қалай екен? Жол-көлік апатына ұшырады деген ақпарат тарап жатыр еді.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жол-көлік апатына ұшыраған «Азия» тобының әншісі есін жиды. АСТАНА. ҚазАқпарат - 

Жол-көлік апатына ұшыраған «Азия» тобының әншісі Ренат Баситов ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Әнші жол бойы көп қан жоғалтқан, деп хабарлайды 31 арна. Дәрігерлер шұғыл түрде қан керек дегендіктен, Ренаттың жақындары мен өнердегі әріптестері халықтан көмек сұрап, бірінен-соң бірі әлеуметтік желілерге 4-ші топтағы қан керектігін жаза бастаған. Осылайша халық апатқа түскен Ренат Баситовтің жағдайының нашар екенін ғаламтордан білген. Оның парақшасына сауығып кетуін тілейтін мыңдаған SMS-тер келді. Оқиға былай болған. Балқаш қаласына клип түсіруге кеткен «Азия» тобы жұма күні кері, Алматыға қарай жолға шыққан. Ренаттың көлігінде топ мүшесі Нұрсұлтан, клипке түскен актриса Азиза, бет әрлеуші мен шаш сәндейтін маман болған еді. Ал топтың тағы бір мүшесі Ербол арттарынан басқа көлікпен келе жатқан. Ерболдың айтуынша, көлік тізбектеліп келе жатқан КамАЗ-дардың біріне соғылып, алып машина сол жағымен жеңіл көлікті қатты сырып өткен. Нәтижесінде көліктің Ренат отырған жағы түгел жұлынып кеткен. Қазір екі отаны аман-есен өткерген Ренат пен Азизаның жағдайы қалыпты. «Олар көздерін ашып, бүгіннен бастап тамақтана бастады», - дейді Ербол Шәріпов. Айта кетейік, Ренат Баситов ақ түсті джип көлігін апатқа түсерден небәрі бір-ақ күн бұрын сатып алған екен. Ақпарат: http://inform.kz/kaz/article/2661972

http://vk.com/photo-51505472_329571878?rev=1&_ni=1
http://vk.com/wall-51505472_2427?post_add#post_add
...