+2 дауыс
85.3k көрілді
Менің Отаным-Қазақстан тақырыбына тәрбие сағаты керек?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің Отаным - Қазақстан!

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – ҚР президенті
50 – ҚР туының авторы
50 – ҚР елтаңбасының авторлары
50 – Әнұранымыздың авторлары
100 – Еліміздің көрікті жерлері
100 – Отан туралы өлең айт
100 – Отан туралы ән шырқа

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.

2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар
8 - оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.

Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты кластан тыс шарамыз аяқталды.

+1 дауыс

Менің Отаным - Қазақстан Тәрбие сағаты
Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)
Хор: «Отан»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 - оқушы: 
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы: 
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
3 - оқушы: 
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4 - оқушы: 
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы: 
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
- Арал
Туған жеріміз Арал біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.
Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын)
Осы кезде Аралдың өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап отырамыз.
- Біздің өз туған жеріміз Аралды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау)
Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар. 
Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
Хор: «Атамекен» (ата - аналардың оындауында)
Мирас Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды
10 - оқушы: 
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні 
11 - оқушы: 
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.
Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала шығып, сөздерін айтады.
12 - оқушы: 
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
13 - оқушы: 
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Осы жерде ата - ана тәуелсіздік тақырыбына өлең оқиды.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
14 - оқушы:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
15 - оқушы: 
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
16 - оқушы: 
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
17 - оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
18 - оқушы: 
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
19 - оқушы: 
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Хор: «Сүйікті Отаным»
20 - оқушы:
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.
Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын.
21 - оқушы:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән «Бақытты балалық шақ»
22 - оқушы: 
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Ата – ана орындауында «Туған ел» әні домбыраның сүйемелдеуімен.
23 - оқушы: 
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
24 - оқушы: 
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
25 - оқушы 
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
26 - оқушы: 
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Нұрай: «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.
Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

0 дауыс

Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым

Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, 
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы 

«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да

Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық
2. Елордамыз қай қала Астана
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ 
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.

Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің - Қазақстан

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.



Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз. 
Еліміздің рәміздерін атайық. 
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. 
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. 
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков 
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған. 
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. 


Біздің еліміз
Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады 
Республикам – Әнұраным

Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы, 
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз көктейміз.

Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй

Бұл - таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші

Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі

Ән. Елтаңбасы елімнің
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі. 
Ақын – жазушыларымыз 
Қандай сұлу, қандай көркем, 
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған. 

Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің 

Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!

Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем

Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ән. Отаным Қазақстан!
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.

Біз, қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз. 

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.


Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен 
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз

Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз

Бостандықты сағынып 
Қолына алған қазақпыз 

Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз

Би «Қара жорға»

Туған тілім – тірлігімнің тірегі

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. 


Қымбат маған анам тілі, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам не білем
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем

Өлең жырмен арайланса таң күліп
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік 
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік
Ән «Айналдым ана тілімнен»

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады. 

Көрініс Үш бидің даналығы. 
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен 
Данышпан даналары аңыз еткен 
Үш жүздің басын қосып біріктірген 
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер



Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)
Отанымыздың жүрегі
Тәуелсіздік тірегі
Жеріміздің кіндігі
Халқымыздың бірлігі – Астана
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы. 
Астана кеше ғана басқа қала 
Айналды бәйтеректі Астанаға

Астана туралы өлең шумақтары

Осынау елде бақ табам. 
Осынау елде шат балам 
Мерейін елдің артырған 
Астанам – менің Астанам

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін кенің сенің
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. 

Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!

Көрініс

Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:
Жаса Қазақстан,
Жаса, менің ұлы елім!

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым
Артта қалды қиындық пен азабың 


Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала – арманым

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым
Өз ұраның айтылсын өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін

Батыр ұлың ел көшіп бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң

Ашық аспан астында 
Мәртебең ассын басқадан

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән «Атамекен»
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

0 дауыс

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менiң  Қазақстан- менің болашағым

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Қазақстан туралы бiлiмдерiн кеңейту.Отанын сүюге,байлығын қорғауға, елжандылыққа,әсемдiкке,жауапкершiлiкке тәрбиелеу.Өнерге деген қабiлеттерiн  дамытып,елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу.

Көрнекiлiгi:

Плакатқа жазылған Отан,ел рәмiздерi туралы өлең,оқушылар шығармашылығы, буклеттер.

1.Кiрiспе

Қанатты сөз:

1. Туған жер алтын бесiк.                      

2.Отан!Отан!

Бәрiнен биiк екен ,

Мен сенi мәңгiлiкке сүйiп өтем.

М.Мақатаев

2.Негiзiгi бөлiм:

Әнұран орындау

 

1-жүргiзушi :

Армысыздар, құрметтi ұстаздар,оқушылар?

«Менiң Отаным Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағаты  ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентiнiң өзегiн өртейдi, ешкiмге тәуелсiз болса,мақтаныш алауын маздатады.

2-жүргiзушi:

ХХ ғасырдың соңғы 16 жылында тәуелсiз мемлекет ретiңде әлемге танылған Қазақстанның әрбiр Отансүйгiш азаматының кеудесiне осындай сенiмнiң өшпес оты тұтанған.

1-жүргiзушi:

Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны  ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремiн.

2-жүргiзушi:

Отаным - алтын бесiгiм

Тербеттiң менi төсiңде.

Жүредi сенiң есiмiң

Ер жеткен кезде есiмде.

1-жүргiзушi:

Отан-тарих.Отан-тiл

Жасаған елiң,өз халқың.

Отан-өлең,Отан- жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Бiрлiк түбi- береке,

Береке түбi-мереке.

Ақ бiлектiң кұшiмен,

Ақ найзаның ұшымен

Ел болуды ойлаңдар!

1-оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғарығы кеңестiң сессиясы Қазақ ССР- нiң мемлекетiк егемендiгi туралы Декларация қабылдады.

2-оқушы:  Қазақстан –бiздiң сүйiктi атамекенiмiз.1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн.

3-оқушы: Сол күнi Қазақсан өзiнiң тәуелсiздiгiн жариялады.Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жеттi.

4-оқушы: 1991 жылы 21 желтоқсанда Тәуелсiз мемлекеттер Достық Одағы құрылды.

5-оқушы:  1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстанның Ата Заңы Конституция қабылданды.

6--оқушы: 1993 жылы маусымның 4-де Қазақстанның басты нышандары - мемлекеттiк Туын,Елтаңбасын ,Әнұранын бекiттi.Тәуелсiз ел нышандары - халқымыздың бай рухани мұрасы мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң мол тәжiрибесiне  негiздей жасалынды.

7-оқушы:  Бәрi болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгi де, ерлiк ,өнер де.

Жахандағы ең жауынгер халықта

Кiм сенедi ,Ту болмады дегенге?

Ту авторы : Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков

8-оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған

Ер  түркiнi байрағынан таныған

Өзi ақын,өзi әншi халықта

Кiм айта алар болмаған деп-Әнұран?

Әнұран авторы: Е.Брусиловский,Л.Хамиди ,М.Төлебаев

Сөзiн жазғандар: Ж.Дәрiбаева,М.Әлiмбаев,

Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев

9-оқушы:

Бас бiлгiзiп жер тарпаңға

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды

Түлiгiне дейiн салса ен таңба?

Елтаңба авторы: Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов

1-жүргiзушi:

Қазақстан Республикасының азаматтары,сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге мiндеттi.

2 жүргiзушi:

Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа  сүйер азаматы болайық.

Оқушы:

Қазақстан туған өлкем

Жер көп пе сендей көркем

Көрсiн деп күллi әлемге

Жалауыңды желге желпем.

1 -жүргiзушi:

Отаным –Қазақстаным.Туған жерiм,Туған елiм.

Елiм-Қазағым.

2 -жүргiзушi:

Өмiрiмiздi,өзiмiздi көрiп

1 -жүргiзушi:

Әнiмiздi,жырымызды тыңдап

2 -жүргiзушi:

Ерлiгiмiздi,тiрлiгiмiзге қарап

1 -жүргiзушi:

Тұрқымызды ,ғұрпымызды көрiп

2 -жүргiзушi:

Өзiмiздi,сөзiмiздi тыңдап

Қорытынды :       1.Оқушылар салған суреттерi бойынша ой толғап, шағын шығармаларын оқиды.

2.Өздерi шығарған өлеңдерiн оқиды.

0 дауыс
Рахмет. Бәрін қарап шықтым. қажет жерлерін көшіріп алдым.
...