0 дауыс
20.1k көрілді
Баланы бесікке салу туралы тілектер қажет?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бесік той
Басталыпты өмірдің көші, міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,
Жігіт болсын лайықты есіміне.
 
Уілдейді бесікте шіркін, үміт,
Бола алмайды бесіктой бұл күн ұмыт.
Тәлімінен қазақтың өнеге алып,
Әдебі мен өссінші ғұрпын ұғып.
 
Көзін салсын бесіктен бұл ғаламға,
Биіктер көп қос қанат талмағанға.
Түзу өссін тал бойы, ұйқы қанып,
Шаршамасын ғаламды шарлағанда.
 
Бабасының бесік бұл тері сіңген,
Қазақ болсын бесікке белі тиген.
Ақ бесікті анасы тербетеді,
Болып өссін азамат елі сүйген.
 
Оң қолымен бесікті тербет, келін,
Әлдимен сездір өмір өрнектерін.
Дариды екен бесіктен құт-береке,
Тілейін саналы ұлан ер жеткенін.
0 дауыс
Бесікке салу
Алас, алас, баладан алас!
Иесі келді, баласы көш!
Алас, алас, пәледен алас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасын алас!
Отыз омыртқасын алас!
Алас, алас, аласы!
Келді міне батасы!
Қош-қош пәлесі – келді, міне, егесі!
Аталарың ақырса – одан қорықпа!
Ағаларың шақырса –  одан  қорықпа!
Ойнақтаған лақтан қорықпа!
Тулаған тайдан, Құлаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол!
Түлкі баласындай күлкілі бол!
Алас, аласы! Келді баласы!
Ұйықтап дем алсын! Қуанып оянсын!
0 дауыс
www.kuttybolsyn.kz сайтынан іздеп көріңіз
...