0 дауыс
2.7k көрілді
"Әлсіз адамдар ғана жылайды" деген пікір дұрыс па?

13 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жылауды білмейтін адам - қатал, тасжүрек адам дер едім. Егер адамда кішкене болса да аяныш сезім, мейірім, жақсы ниет болса ол адам жылай алады. Жыламайтын адамдар өздерін мықты қылып көрсеткісі келуі мүмкін, бірақ сол мықтылығы күндердің-күнінде адамға зиянын тигізеді. Адам жыламай барлық нәрсені ішіне сақтай берсе, бір күні психологиялық ауруға шалдығуы мүмкін. Сол үшін керек кезде жылап, жағымсыз нәрселерді ойынан шығарып тастау керек.
+1 дауыс
Ол дұрыс емес! Әлсіздік емес, себебі адамның жүрегі жылайды.
–1 дауыс

Негізі дұрыс дер едім, "әлсіз адамдар ғана жылайды" дұрыс-ақ айтылған, мысалы: сен бір нәрсеге налып, қиналып жылап отырсаң, өзіңді жігерлендіру үшін, осы айтылған ойды мақсат етуіңе болады. Сен өзіңді әлсізбін деп ойламасаң, санамасаң, сен ешқашан жыламайсың. 

Шынында менің ойымша тек қана "әлсіз адамдар ғана жылайды"

+3 дауыс
Жылау адамдардың әлсіздігіне емес сезімталдығына байланысты болса керек деп ойлаймын, ал сезімсіз болу жақсы бола қоймас деймін.Сондықтан орынымен болса жылау да адам эмоциясы, онда тұрған түк жоқ.
+1 дауыс
Жылау еркекке тән емес. Жылау болғанда әлеуметтiк қиыншылық, проблема т.б жылау. Ал туған-туыс қайтыс болып, сол кезде жылау бөлек әңгiме. Ол кездiң өзiнде әйел адамдар сияқты жұрттың көзiнше жыламайды. Басқалай себептермен еркектiң жылауы ұят. Себебi ол ЕРКЕК. Әйел адамға қорған болып, қиындықты шешуге, бiр жолын табу басты еркектiң мiндетi. Ол кезде әйел шығар жол iздеп, еркек үйiнде жылап отырса, ол еркек емес, ез болады. Қазақтар бастарына соғыс, ашаршылық т.б қиын-қыстау күн туғанда әйелдер зар еңiреп жылап жатқанда, еркек сабырлыққа шақырып, бәрi жақсы болатынын айтып, өздерi соғысқа аттанып, немесе алыс сапарларға кеткен. Қазiргi адамдардың проблемасы 17-18 ғасырлардағы қазақ халқының еркек кiндiктерiнiң басына түскен қиындықтармен салыстыруға келмейдi. Сондықтан еркек өз абыройын түсiрмеу керек. Ал әйел адамның жылауы заңдылық. Аллах-Тағала әйелдердi сондай аса сезiмтал, бойындағыларды шығаруға, айтып тастауға бейiм етiп жаратқан.
анасы қайтса да көре тұра жылауды бір күнде басу оңай емес сияқты
Белгісіз
0 дауыс
Жоқ, "әлсіз адамдар ғана жылайды" - деген пікірмен келіспеймін. Жүрегі нәзік, сезімтал адамдар көп жылайды.
+3 дауыс
Құдіретті Алланың алдында бәріміз әлсізбіз.Намаз оқығанда пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өзі де ағыл-тегіл жылап Жаратқанға жалбарынған...
Оның рас. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) иманы өте мықты кiсi болған. Себебi ол пайғамбар. Ал бiз қарапайым адамдар. Бiрақ Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ешқашан басына түскен проблема, қиындықтарға жыламаған. Ал намазда Раббымызға құлшылық үстiнде жылау бөлек әңгiме.
Белгісіз
+1 дауыс
Сонымен қатар,жылау-адамның ішіндегі мұң мен шерді шығарып,сәл де болса бойын басқан ауырлықтан құтылатын әдіс дер едім.
+1 дауыс
Қандай жағдайда тұрып жылағанына байланысты шығар.
0 дауыс
Көбіне сезімтал,қөңілі бос адамдар жылайды,ал ондай касиеттер әйелдерге тән.Еркектер ешқашан біреудің алдында жыламау керек(Алладан басқа),себебі көз жасын көлдету біз үшін әлсіздіктің символы,ал қыздарға жылау жарасады
0 дауыс
Мен бұл пікірге қарсымын... Себебі тек қана әлсіз адамдар ғана емес сонымен қатар жүректілердің(Мықты, күшті) адамдардың өзі де өз уағында басқа іс түскенде көз жасын сығып алады. Тек сондай оқиғалардан қашу үшін өмірге нық сеніммен және түзу көзқараспен қарау керек. Елге еліктемей өзінің алға жайған сара жолымен жүруге дағдыланып, өмірдің қиындығына төзе білсе... әлді адамдар тұрмақ, әлсіз адамдарда көз жасына ерік бермей өмірден түңіле қоймас деп ойлаймын...
+1 дауыс
Негізі менің ауыр сөз айтса,қатты дауыс көтерсе жылап жіберетін әдетім бар.Қанша өзімді ұстайм дегенмен пайда жоқ.Әлсіз адамдардың бірі менмін:-D
0 дауыс
Қазақта мынадай сөз бар. Ер-туған жерінен амалсыз жер ауып бара жатқанда және қарындасын жау алып кеткенде шарасыздықтан ғана көзіне жас алады деген. Басқа жағдайда ер адам жылай бермейді. Ал қыздар жөнінде сөз бөлек, олар табиғатынан жылауық өсірген тырнағы сынып қалса да жылайды. Бірақ психологиялық тұрғыдан Меддидің айтқанына қосылам.
...