0 дауыс
2.9k көрілді
Келінге жас балдарға үлкен кісіге дастарханда айтылатын баталар керек?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәлеметсізбе!

1.
Құдайым осынау үйге дуа берсін,

Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап,

Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.
 

2.
Құдайым осынау үйге дуа берсін,

Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап,

Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.

 

3.Бисмилляхи Рахмани, Рахим !

Жақсылыктың нышаны.

Жақсы әке білсеңіз,
Жақсы үлгі ұлына.
Жаман бала білсеңіз,
Қарайды әке пұлына.

Жақсы аға білсеңіз,
Жақын достай арасы.
Жаман аға білсеңіз,
Жыртық қостай панасы.

Жақсы іні білсеңіз,
Ерттеулі  атпен тең.
Жаман іні білсеңіз,
Ұрыспаған жатпен тең.

Жақсы жігіт білсеңіз,
Қазақтың ескі жұртында, 
Жақсы қыздар білсеңіз,
Инабаттылықтың құлпында.

Жақсы қарындас білсеңіз,
Шол қандырар сұратпай.
Жаман қарындас білсеңіз,
Теріс қарар ұнатпай.

Жақсы қатын білсеңіз,
Жарына салмас салмақты.
Жаман қатын білсеңіз,
Ойланбайды ар жақты.

Жақсы көрші білсеңіз,
Көрсетпейді өкпесін.
Жаман көрші жалакөр,
Қисық киер кепкесін.

Жақсы келін білсеңіз,
Күншуақты көктемдей.
Жаман келін білсеңіз,
Күн бұлттап кеткендей.

Жақсы құда білсеңіз,
Әкеңіздің досындай.
Жаман құда білсеңіз,
Отыра алмас осқырмай.

Жақсы құдағый білсеңіз,
Бірге өскен құрдастай.
Жаман құдағый білсеңіз,
Әрең шыдар құмастай.

Жақсы басшы білсеңіз,
Қара халықтың басында.
Жақсы туыс білсеңіз,
Өз жұртының қасында.

Жақсы жезде білсеңіз,
Жайып қойған төсектей.
Жаман жезде білсеңіз,
Қажып қалған есектей.

Жақсы жеңге білсеңіз,
Шөлде жеген қарбыздай.
Жаман жеңге білсеңіз,
Жалбыраған жалбыздай.

Жақсы балдыз білсеңіз,
Жарқыраған жұлдыздай.
Жаман балдыз білсеңіз,
Әрең жүрер ұрғызбай.

Жақсы маман білсеңіз,
Өз ісіне берілген.
Оның орнын баса алмас,
Көшеде жүрген көрінген.

...