+1 дауыс
1.9k көрілді
Көбі айтады ҰБТ тапсырған қиын деп, бірақ мен ойлаймын ар адамға басқаша көрінеді деп дегенмен қиындығы бар шығар .
ҰБТ қорқынышты емес. Мен 9 күннен кейін тапсырамын. ҰБТ жақындаған сайын дайындығым да азаюда. Қорқыныш, қобалжу жоқ. Ойнап, күліп жүрмін ғой. Қанша балл алсамда маған пайда жоқ, себебін айтпай-ақ қояйын.
себебі  қасымдағы сыныптастарым да дәл мен сияқты десей
Белгісіз
Иә өте қиын болады. Шпор, сотка алып кіргеніңмен оны қолдана алмайсың. Сол үшін өз басыңа сен.

12 жауап

+1 дауыс
Негізі психологиялық жағдайға байланысты өте қиын, Тұрсынбек айтпақшы ҰБТ ұлттық біріңғай тест емес,ұлттық бірыңғай төңкеріс деп,айтса айтқандай. Сол кезді есіме алсам кәдімгідей бір соғысқа кетіп бара жатырған сияқтысың, ата-анаң сыртта шарбақтан кіре алмай бізді тосып түрды, біреулер жылап жатты, біреулер баласы соғысқа кеткендей менің баламды көрдіңба не істеп жүр деп сұрағандары шынымен ақиқат. Бірақ мен өзім онша қиналмадым. Әлде ол кезде ҰБТ ның сойқаны тап қазіргідей болмадыма,психологиялық жағынан қиындық болмады. Бірақ сұратары есті алды енді. Шпаргалка дегенді қолдана алмадым.  Телефон ол кезде жаңадан шығып жатыр простой телефон түкке пайдаға асқан жоқ. Негізі өзің білімді болсаң ұбт аса қорқатын нәрсе емес. ЖӘНЕ биыл ҰБТ тапсыратындарға айтарым,ҰБТ дан кейін де өмір бар екенін ұмытпаңдар, тіпті ойдағыдай жинай алмаған кезде де аса бір түңіліп кететіндей проблема емес. мысалы мен ҰБТ дан 2009жылы 5пәннен 87 бал алдым алып тастағанда 70. грантқа түстім. Бірақ ол оқуды оқымадым. Басқа жылы өз еңбегіммен кешенді тестілеу тапсырып өз қалаған мамандығыма грантқа оқуға түстім. Биыл ҰБТ тапсыратындарға сәттілік
Тұрсынбек ұлттық біркүндік төңкеріліс деген сияқты еді.
+3 дауыс
Мен ештеңеден қорыққан жоқпын. Өйткені қалтамда 5 сотка, шпоргалка, резинді қолғап болды ғо. Бірақ, 5 сотка апарғаныммен сетті айырып тастады. Содан кейін қорқу басталды.
5 сотканы тексермедиме не? резинди колгап не ушин кажет?
Белгісіз
тексерді және тапты, сосын жасамайтынын беріп жібердім. резинді қолғаптан теміріздегіш таба алмайды деді ғо біреулер
шпорынды қай жерге тықтын? мысалы қыздарда юбкаа тығу онай ал балдарда ше?
костюмнің қалтасына, нәскиге. әйтеуір шешіндірген жоқ. бірақ, одан пайда болған жоқ, қарай алмайсың.
шпорды қайтесің? басыңа сеніп бар шырағым. :)
мен осыдан бір жыл бұрын өзіме уәде бергенмін ҰБТ-ға шпорсыз кіремін деп.
+2 дауыс
Менің 11-сынып оқитындарға жаным ашиды... Жыл басында тәп-тәүір ақ бастаған еді, қазір ілініп салынып әрең жүр. Мықты деген оқушыларының өздері кәзір жәй бір формуланы ұмытып қалған, олардың тестке қалай дайындалғанын көріп жүрм, ешқайсысы сотка ұстамайды, түстен кейін дайындалады, кешке жақын репетиторлармен отырады, түнде тандаган пән мугалімдеринин үйіне барады, сонда дайындалады... коп дайындалганнын да кесири баргой дейм. Оларга казир психологиялык комек керек деп ойлаймын, әйтпесе бәрінің мүжәжі құрып әрең жүр...
+1 дауыс
ҰБТ деген тапсырғанға шейін "ақырзаман" сияқты болып көрінеді. Тапсырып болған соң бір жеңілдеп қаласың. Ең бастысы қобалжымау. Өмір керемет! ҰБТ-мен өмір аяқталмайды. ҰБТ да, ПГК да, дипломды қорғаған да түк емес. Тек өзіңдеріңе сеніңдер, бауырлар!
+1 дауыс
Сабақты жақсы оқысаң , ҰБТ - ны шашып тастайсың ғо. Ең бастысы дайындық.
+1 дауыс
Жоқ қорқынышты емес. Мен ҰБТ тапсырған кезде аудиторияға кiлең оптимист жандар жиналды. Бәрi күлiп, ойнап отырды. Бастысы қобалжымау керек. Бiр түсiнгенiм қандай оқушы болмасын пробни кезiнде өз басымен қанша балл алып жүр, ҰБТ-те де сол жобада балл жинайды. Тек бағы жанып, телефон, шпор қолданып алмаса.
+1 дауыс
Қиын жағы да, оңай жағы да бар. Тапсырушылар қиындықты өздері туғызып алады, уайымдай береді және психологиялық күш түседі оларға.
+1 дауыс
ҰБТ ол 3 әріп 1 арман. Менің жолым болды жоғары балл жинап грантқа түстім, өкінішке орай өз басыммен емес. ҰБТ-дан қорықпа, кәдімгі жай әншейін тест деп қара.
0 дауыс
Мен бугін тапсырдым. Жаман қатал турде өтті! қиын болды...
+1 дауыс
Бұйырса 6-сы екіншірет тапсырамын. ҰБТ тапсырған қиын, сұрақтар қиын. Шпор апармау мүмкін емес, себебі қанша жерден гений болсаңда ҰБТ сұрақтары өте күрделі әсіресе есептер жағы.
Екі рет тапсыруға бола ма не?
Жоқ, мен алдыңғы жылы тапсырдым. Осы жолы танысымның орнына.
Біліп қойса танысың ұшып кетеді ғой)
Ол жағына басыңды қатырма.
+1 дауыс
Бізде бәрі шпоргалкаларын,телефондарын спокойно алып өтті.Бірақ олардың еш пайдасы тимеді,шпаргалкаларынан түк шықпады,сеть та ұстамады.Сондықтан тек өз күшіңе сену керек екенсің.
+1 дауыс
ҰБТ тапсыру қиын емес. Тек оған жақсылап дайындалу керек. Өз басым тарих , қазақ тілі, биологиядан 24 балл жинадым.  Орыс тілінен 22, матемнен 16 өкінішке орай.
Мен ауызша пәндерден қатты дайындалдым. Матемге, шыны керек  жөнді көңіл бөлмедім, оған қоса уақытым да жетпеді. Алдағы ҰБТ тапсыратындарға айтарым ауызша пәндерге көп көңіл бөліңіздер. Ең бастысы өз-өздеріңізді ҰБТ тапсыратын күні жоғалтып алмай, аспай-саспай белгілеңіздер. Бәрі жақсы болады.
...