Нағыз байимын деген адам мына ережені есіне сактап алуы тиіс: Өз мүмкіншілігіңді ақшадан жоғары кой! Сонда ақша саған тартыла бастайды да, саған кызмет істейді. Егер адам өз мүмкіншілігін ақшадан төмен қойса, онда ақша саған не ішіп-жеуді, қалай киінуді, қайда барып демалуды, жақындарыңа не сыйлауды анықтайтын болады. Бай, табысқа жеткен адамдардар Абайдың мына сөздерін басшылыққа алады: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап».