Ұлбосын,өмір деген күрес,саған қайсарлық керек.Ең бастысы түңілме,сенен де әрі қиналып жүргендер бар деп ойлан да,күреске шық.Күресумен өткен өмір қызық,күресумен жеткен жеңіс тұрақты болады,өз басымнан өткен.
Мені қинап салған талай бұралаңға,
Өз тағдырым өзіме ұнаған ба.
Тағдырымнан қашқанмен қанша жеріп,
Өзгесін,өзінікін кім береді сұрағанда.
Үркектеп әзер тұрған,лағындай құралайдың,
Өз тағдырым өзіме бір ұнамадың.
Әу баста кесіп,пішіп қойғаннан соң,
Жағдайымды,Алла қайта сұрамадың.
Ей,Тағдырым,сен маған туралап қара бері,
Тарихтың доңғалағы айналса да қайта кері.
Атжал толқын кеудемнен соқса дағы,
Қайтпастан қарсы жүзер мен бір сері. __________ JAKO.