0 дауыс
4.8k көрілді
1.<Мәңгілік Ел > Ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұраты
2.Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі
3.Айналаң аялы алтын бесігің
4.Тәуелсіздік ел бақыты
5.менин уш бакытым(ана тилим, туган жер, асыл халкым)
6.Азамат болу міндетің. осы тақырыптар туралы шыгарма болса жибериндерш.Алдын ала рахмет.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. 
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Мемлекеттік тіл осы стратегияның бір бөлігі. Қазақ тілі Қазақ еліне нық орнықпай, бұл жоба орындалмайды. Ал оның орындалуы қазақ халқының ғана қолында. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тіл –қазақ тілі. Ал мемлекеттік тілді ата-бабасы күш-жігерімен қорғап қалған қазақ баласы да, сол кездегі солақай саясаттың зардабынан мәжбүр болған өзге ұлт өкілдері де, жалпы жүрегі қазақ деп соққан әрбір патриот білуі тиіс. Ал егер ол өткенді білмесе, болшақты болжай алмайды. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласындща жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. 
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухани биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса , Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

0 дауыс
кешіріңіз,бірақ шығарма деген аты айтып тұрғандай адамның жан-дүниесінен туатын нәрсе,сондықтан біреудін жазғаны сізге қанша оқысаңызда ас болмайды және өз шығармасын есі дұрыс адам жазбайды.Так что өзініз белестерді бағындыруға куш салынызз  қысқасы өзініз жазып қараныз
0 дауыс
9 бітіресің ба?
...