Бұл - мейлі алдын ала жазылған сценарий болсын, мейлі ПР болсын, өз басым Маржанның бұл әрекеті ерлік деп ойлаймын. Кез келген қыз мұндай қадамға, мұндай тәуекелге бара бермейді, қыз деймін-ау, Алтынбек сынды еркектер жүрген жоқ па соны сөз бұйдаға салып, бейне бір қолаң шашы бардай... Түркістандық қыздың алғашқы күні айтқан әңгімесі бар еді: "Мен өзгелерден озып, кастингте жеңіске жеттім. Тисінше, маған сын көзбен қарайтындар көп болады. Сондықтан да мен неге болса да психологиялық тұрғыда дайынмын",- деді. Жұлдызай, Индира сынды тіс қаққандардың әрекетінен кейін ол байғұстың дайындығы әдіре қалды. Жұлдызайдың "Мен - Звездамын!" дегені....сөзім жетпей отыр, жиіркенішті.... ел айтсын, ел баға берсін алдымен... Әншілерден көрі қарапайым "қатардағы жауынгерлердің" ісі де, сөзі де түзу, әлгілерден он есе артық. Нұрхан деген қай жұлдыз?? Қателеспесем, "Дудар-айда "профессор" боп туды ғой сол... Нұрхан мен Жұлдызай жұлдыз болса... еҺ, Рымбаеваға теңеу таппай отырғаным...