0 дауыс
Өзіңсіз болмас өмірдің мәні,
Болса да шіркін жүректің үні.
Сағынышпенен күтемін де айым,
Ұмытқан жоқ қой өзіңді әлі
 
Сағынамын сені сағынамын,
Қайда жүрсең ұмытпашы жалынамын.
Күрсінеді көңілім іздеп сені,
Сенсіз өткен өмірді не қыламын.
 
Сағынамын сені сағынамын,
Қайда жүрсең ұмытпашы жалынамын.
Күрсінеді көңілім іздеп сені,
Сенсіз өткен өмірді не қыламын.
 
Жүректің ғазиз төріне ендім,
Сүйгенім жалғыз өзіңсің менің.
Арманым еді өзіңмен бірге,
Аралап жүру ғашықтар елін.
 
Көруге ынтық көңілім алаң,
Сағыныш сезім төзімін алған.
Бейнеңді сенің көремін күнде,
Өшпейтін мәңгі көзімде қалған.

бұл әның сөзі және музикасы кім жазанын білесіздер ма?
27.01.2014 6.2k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Молдағалиев деген әнші нақты ақпарат жоқ.

27.01.2014
127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,015Қолданушы