0 дауыс
1.9k көрілді
Жания Джуринская жайлы толық мәлiмет керек едi.

2 жауап

+1 дауыс
Жәния Әлиханқызы Журинская (Джуринская) 1990 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Анасы Бақыт - медбике, әкесі Әлихан - ғарыш айлағының қызметкері. Өзінен алты жас кіші Аида есімді сіңлісі бар. Журинская деген тегі әзербайжандық әжесінен қалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Журналистика" факультетін бітірген. Университет қабырғасында оқып жүріп кастинг арқылы "Shine" дуэтіне қабылданады. Топтың "Бір шанс бер" әні көптің есінде қалады. Қазірде топ тарап кеткен.

Фильмография:
2013 - "Өкініш" (реж. Мақсат Оспанов)

Телехикаялар:
2011 - «Болашақ» (реж. Серікбол Өтепбергенов)
2012 - «Парыз» (реж. Жасұлан Пошанов)
2013 - «Өмір өткелдері» (реж. Нарын Ерлан)
2013 - «Вузеры» (реж. Асқар Ұзабаев)
+1 дауыс

Жанияның тыныс- тіршілігімен танысқын келсе мына сілтемелерге кіріп көр . 

http://instagram.com/djurinskayahttp://vk.com/janiyadjurinskaya

...