0 дауыс

       Хош, сау бол ақ құсым!

Сен не деген өтірікші едің,
Маған өтірік айтып қинаушы едің.
Хмм, мен соған сенетінмін
Ал енді үміттенбегің.

Сөйлестік біраз біз сырласып
"Қалайсың жаным" деп жағдайды сұрасып
Сонда мен қуанып, күлуші ем
Сол кезде бүйкүнә шын ғашық.

Иа, сендім сенің айтқаныңа
Көндім, төздім құр сандырағыңа
Сен айттың қиналып, өкініп
Мен сонда сенгенмін жазғаныңа

Жаздың сен "ұрысады ағам"-деп
Алдандым, мен саған сенем деп
Сөзімді алмастан ойлану керек ед
Енді мен ойламаймын сені көрем деп.

Осымен аяқталды бұл ісім
Таңдаппын жолдың мен бұрысын
Ендігі кешірмеймін мен сені.
Хош, сау бол ақ құсым.

Авторы: Бейбарыс Жиенғазиев, жәй ғана Bimon. 

Өлеңім ұнады ма, қай жері нашар, қай жері жақсы?

16.05.2014 782 қаралым

8 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Осындай қарапайым қара сөзбен жазылған өлеңдер жақсыы!!!
16.05.2014
Қалай, ұнады ма? Айтшы өз пікіріңді.
0 дауыс
Жаксы жаксы бирак бир ескерте кететин жайт биринши такырыбынды дурыстап тандап ал и сол койган такырыбыннан ауыткымай жаз. Олендерин магыналы болсын кара соз болса да
16.05.2014
Қандай тақырып ұсынар едің?
0 дауыс
Иа , жақсы. Сірә, ақынсың - ау деймін. Жақсы шыққан.
16.05.2014
Рахмет, рахмет)
0 дауыс
Сізге үлкееееен өтініш, енді өлең жазбай-ақ қойыңызшы
16.05.2014
Уей, дұрыс айтасыз.
0 дауыс
Жақсы шыққан. Бірақ, ұйқастары онша дұрыс келмеген сияқты. Сөздерін сәл-сәл әдеби тілге ауыстыру керек. Қызың алдап кеткен ба? Соған шабыттанып шығардың ба? Қыздар келеді, кетеді, қайта келеді..
16.05.2014
Ай, брат, сау болшы. Рахмет)
0 дауыс
Жақсы шыққан қарапайым сөздер, сіздің өлеңііз өлең жолдарына емес мәтінге көбірек ұқсайды сондықтан келесі өлең жазғаныңызда оның ұйқасына және көркем сөздермен толықтыруға тырысыңз
16.05.2014
Дос, типа рэп сияқты жазам ба деген ой болды. Асықпай емес, жылдамырақ оқысам маған бәрі жақсы көрнед. Рахмет)
0 дауыс
Жалпы әңгімеге көшер болақ қазіргі сарыауыздар дәл осылай қара өлеңнің құтын қашырып жүр. Өзінің не айтарын өзі білмейтін секілді. Ішкі жан күйзелісі емес, тап бір осы іске қуанып тұрған секілді жазылған. Егерде бұл өлең шын жүректен туған болса, оқыған жанды бірден елітіп әкетер еді. Бірақ мен ондай күйді сезінбедім. Тап бір тақпақ оқып отырғандаймын...
16.05.2014
0 дауыс
Кiм қалай айтса да, дегенмен талап бар. Ескеретiн жайт ұйқастары келмейдi. Сосын бiрсарынды сөздер көп.
16.05.2014
Рахмет)))
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы