0 дауыс
9.9k көрілді
Осы өмiрде ақша қаншалықты маңызды? Кiм қандай пiкiрде?

11 жауап

0 дауыс
Өмірде ақшаға екі түрлі көзқараспен қарайтыны белгілі нәрсе. Бірақ ақша жаман, ақша адамды өзгертеді деп айтатын адамдар қолдарында ақшасы жоқ адамдар деп ойлаймын. Ақша ол да бір құрал. Өміріңді жақсы жағына өзгертуге көмектеседі. Жақсылық жасауыңа итермелейді. Тек ақшаны жұмсай білуің керек.
0 дауыс
Бұған Ұлықбек басынды ауыртпаған жөн! Ақша әр адамға амалына сай олжа ретінде келед емес пе керегіне пайдалануға Иә)?
0 дауыс
Ақша тек материалдық жағынан ғана маңызды.
+1 дауыс
"Ақшаға құнықпау керек, қызықпау керек! Ал, суреттегідей ақшадан бас тартпау керек" деп еді баяғыда біреу. Соған қосыламын.
0 дауыс
Қазіргі күні ақша ең маңызды ғой.Бәрі ақша (тіпті туалетке барудың өзі).
+2 дауыс
Бұрындары қандай екенін білмедім. Ал қазіргі заманда ақша ең маңызды нәрсе. Ақшамыз болмаса, көп әрекетті жасай алмаймыз. Тіпті ең жақын деген адамдарымыздың өзі (ата-анадан басқа) кері итереді. Бір ақылды сымақтар айтуы мүмкін "ақшадан да маңызды нәрсе денсаулық, иман, ақыл т/б" - деп, бірақ ақша болмаса дәрігерлер тегін емдемейді, тегін дәрі бермейді, тегін тамақ, асты, нанды ешкім бермейді солай-солай тамақтану қиындап, денсаулық құртыла береді. Ал ақшасыз кедей адамда Иман қайдан болсын?! Ол адам ақша табу үшін небір харам жұмыстарды істейді, иә арасында кедей болсада иманды адамдар бар, бірақ ондай адамдар өте сирек. Ақылды да ақшаға сатып аламыз, ешбір жерде ақшасыз оқуға қабылдамайды(грант болса да), ал ақшасыз адам өздігінше оқып үйрену үшін қажетті құрал-жабдықтарды(кітап, компьютер, ұялы телефон т/б) ақшаға сатып алу керек, сонымен білім алу үшінде ақша керек екен. Міне, айта берсек мына заманда ақшасыз адам - хайуанмен тең болып қалады екен. Ақша - мына заманда ана мейірімінен кейінгі екінші орында, тіпты оданда маңызды. © мені жынды деп ойлап қалмаңдар, мен шындықты айттым.
Саған айтарым, он екі мүшең сау болса, ақша-табуға болатын нәрсе. Тіпті қара кедей болып тұрып еңбектеніп баюға болады. Ақылды да ақшаға сатып аламыз, қалай ол. Егер мықты ақылды болсаң грантка түсуге болады өз еңбегіңмен, тупой болсаң айына мың доллор беріп оқытсаңда одан ешнәрсе шықпайды. Сенің шындығың өзің ғана шындық деп мойындайтын-өтірік. Айып етпе.
0 дауыс
Ақша су сияқты емеспе?! Келді кетті. Қазақта жақсы сөз бар емеспе: ақша көрсе періште жолдан таяды. Талай адамдар бар ғой ақшаға құнығып артык кетіп жатырған....
Мақал негiзi былай болатын:
"Алтын көрсе перiште жолдан таяды"
Бiрақ, мақал түбегейлi. Перiште пенде емес. Аллах перiштелердi Һәм, күнәдан пәк етiп жаратқан. Перiштелерге осы дүниелiк, пенделерге қажеттi нәрселердiң түкке де қажетi жоқ. Тек олар Аллахқа құлшылық етедi.
Белгісіз
Мақал негiзi былай болатын:
"Алтын көрсе перiште жолдан таяды"
Бiрақ, мақал түбегейлi қате. Перiште пенде емес. Аллах перiштелердi Һәм, күнәдан пәк етiп жаратқан. Перiштелерге осы дүниелiк, пенделерге қажеттi нәрселердiң түкке де қажетi жоқ. Тек олар Аллахқа құлшылық етедi.
Белгісіз
0 дауыс
Ақша қазіргі заманда ең керекті нәрселердің бірі... Бірақ ақшаны ең алғашқы орынға қоятындарға келіспеймін. Дұрыс айтасың медди тап осы жерде жауабыңа жауап берген ақылсымақ деп ойласаңдарда пікірімді жазайын. Дана қазақ ешқашанда қателеспеген,мен соны айтар едім.
"Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық-ақ жаулық,
Үшінші байлық-он саулық" (Яғни қазіргі заманның доллоры)
Ең бірінші Алла тағала ешкімді денсаулығынан айырмасын,өмірдегі ең қажет нәрсе-денсаулық. Денің сау болса, ақшаны жүк тасушы болсаңда бірдеңе етіп табуға болады. Ал денің сау болмаса сені миллиард доллорыңның өзі сенің бір секунд өміріңді ұзарта алмауы мүмкін. Қаншама байлар бар,бір түндік ұйқысы тыныш емес...Қаншама кедей бар қара су ішіп бақытты...
Ақша өте керек,ақшаның көп болғанын барлық адам қалайды,тек үйінде шалқасынан теледидар көріп жатып. "Ақылды болсаң неге бай емессің" деген сөз бар,қылды адам ақша табуды біледі. Исламда айтылғандай ақша қолыңда болу керек, жүрегіңе кіріп кетпеу керек тек. Ақша маңызды бірақ одан да маңызды нәрселер өте көп. Тек менің көзқарасым, менің тілегім,ең бірінші денім сау болса екен деп тілеймін. Ақшам көп болса екен деп ойлаймын, бірақ ешқашанда ақшаны ең бірінші орынға қойған емеспін, қоймаймында.
0 дауыс
Қазіргі кезде өмірдің бәрі ақшамен шешілетін болып кетті ғой.
0 дауыс
Ақша әр адамға әр қалай. Мысалы кейбір адамдар ақшаның көмегімен барлығын жасауға болады деп ойлайды олар көбінде байлар солай ойлайды. Ал жағдайы орташа немесе төмен адамдар. Ақшасыз да бақытты бола алады оларда махаббат өмірге деген сүйінпеншілік ақшаға бағаланбайтын нәрсе. Ал ақшасыз өмір сүру қиын екені барлығымызға белгілі сондықтан ақшаның өміріміздегі орны жоғары деп айтуңа болады. Ақшаның өмірімізде маңыздылығы емес оған деген адамның өзіндік көзқарасы маңызды ақшаның артынан қуа беруге болмайды. Ақша қолдың кірі екенін ұмытпаған жөн. Ақша үшін жаман іс жасауға болмайтынын айтайын дегем.
+1 дауыс

Cалеметсiздерме!Мен Медеттiн пiкiрiмен косыламын жалпы акшанын омiрде манызы жок алайда казiргi танда аттаган жерiн акша.Нуркен бiлiмди сатып аламыз дегени Медеттiн казiр канша жерден басын iстеп акылын тасып турсада полибому акша беруге придется ниточто калада туалеттин озiне акша сурайдыгой )))Жалпы акша белгiлi бiр кундылыктарга жатпайды махаббат не болмаса адамгершiлiк достык секiлдi акша ол жай гана кункорiс козi,Ал махаббат достык имандылык деген сиякты кундылыктар ар адамнын озiне байланысты сен бай бол кедей бол махаббатка адал. достыкка берик. иманын таза болуга мiндеттiсiн.Ал егер осынын барiн акшага деген махаббатка айырбастасан онда сенiн адамдык касиетiннiн жогалганы.Акша рас кез келген адамга керек маганда саганда оганда.Бирак акша керек екен деп арам жолга тусудiн кереги жок бар болганы адал бол адам бол.Акшаны керегн ушин жумса.Акша табу ушин адам олтiру немесе наркотик тасу немесе урлык жасау мiндет емес бар болганы жаксы оку бiтiр жане окуга берген акшаларыннын жане оз окуыннын жемисин же бар болганы осы!

...