Бұрындары қандай екенін білмедім. Ал қазіргі заманда ақша ең маңызды нәрсе. Ақшамыз болмаса, көп әрекетті жасай алмаймыз. Тіпті ең жақын деген адамдарымыздың өзі (ата-анадан басқа) кері итереді. Бір ақылды сымақтар айтуы мүмкін "ақшадан да маңызды нәрсе денсаулық, иман, ақыл т/б" - деп, бірақ ақша болмаса дәрігерлер тегін емдемейді, тегін дәрі бермейді, тегін тамақ, асты, нанды ешкім бермейді солай-солай тамақтану қиындап, денсаулық құртыла береді. Ал ақшасыз кедей адамда Иман қайдан болсын?! Ол адам ақша табу үшін небір харам жұмыстарды істейді, иә арасында кедей болсада иманды адамдар бар, бірақ ондай адамдар өте сирек. Ақылды да ақшаға сатып аламыз, ешбір жерде ақшасыз оқуға қабылдамайды(грант болса да), ал ақшасыз адам өздігінше оқып үйрену үшін қажетті құрал-жабдықтарды(кітап, компьютер, ұялы телефон т/б) ақшаға сатып алу керек, сонымен білім алу үшінде ақша керек екен. Міне, айта берсек мына заманда ақшасыз адам - хайуанмен тең болып қалады екен. Ақша - мына заманда ана мейірімінен кейінгі екінші орында, тіпты оданда маңызды. © мені жынды деп ойлап қалмаңдар, мен шындықты айттым.