0 дауыс
13.1k көрілді
Жеңіс күніне шығарма жазып бере аласындарма? және оның ішінде ауыспалы мағынадағы сөздер мен мақалдар болсыншы

2 жауап

0 дауыс
9 Мамыр - Жеңіс күні.

Жоспар

I Арды биік ұстап өткен азамат

II Отты жылдар елесі

1.«Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!»

2.Ел үшін туған ерлер

3.Майдандағы Қазақ қыздары

4.Соғыселесі ақындар шығармаларында

III Біз - бейбіт елдің ұланымыз

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзіліксоғыстуралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі,соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.

Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапылсоғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп,Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі менің жерлесім, Тараз қаласының тұрғыны - Тұрмағанбет ата.

- Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздейұлыадаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы,соғыстуралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз қашан, қайда туылғансыз,соғысқа қалай шақырылдыңыз?

- Сәлеметсің бе, айналайын, ниетіңе рахмет! Мен өзім жас та болмасам, сол кездер есімде жақсы сақталған. Мен 1923 жылы Қосбөлтек ауылында туылғанмын.1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 412-атқыштар полкінде екі айлық әскери дайындықтан өттім. Осы жылдың наурызында сержант даңқын иеленіп, екінші Украиндық фронтқа жіберілдім.

- Фронтқа алғаш жіберілгеніңізде қандай сезімде болдыңыз, қорықтыңыз ба?

- Шайқасқа алғаш кіргенімде, мен өте қатты қорқып кеттім: жау ұшақтары аяусыз атып жатты, танктер үздіксіз ағылып жатты. Біздің әскеріміз минут сайын сирей берді, аяусыз қырыла берді.

- Тұрмағанбет ата, алсоғысаяқталғанда сіз қайда едіңіз?

- Мен кіші лейтенантқа дейін көтеріліп, Румыния мен Венгрияны қорғауға қатыстым. Кейін Будапештке жөнелтілдім. Сондағы ұрыстардың бірінде ауыр жарақаттанып, 1944 жылдың желтоқсанында әскери ауруханаға түстім. 1945 жылы,соғысбітісімен,ҰлыОтансоғысының бес әскери шендеріменОтаныма оралдым. Сондағы қуаныштан жаным шығып кетер ме екен деп ойладым.

- Ал қазір кімдермен тұрып жатырсыз?

- Мен жұбайым Бибиажармен 60 жыл өмір сүріп, төрт қыз, бес баланы өсірдім. Қазір жұбайым қасымда болмаса да, Құдайға шүкір, немерелерім мен шөберелерімнің қызығына бөленіп отырмын және өзімді ең бақытты жан санаймын!

- Ата, сұхбатыңызға көп рахмет! Жеңісіңіз құтты болсын, аман болыңыз!

Осы сұхбаттан кейін мен адамзат жүрегіне айықпас жара салған Екінші дүниежүзіліксоғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпегенін түсіндім. Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын даҰлыОтансоғысы екені әлемге аян.

Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар, - деп ақындар жырлағандай, әр шаңыраққа, әр жұрекке салған жара алпыс бес жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ.

Елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын нағыз тарихи аласапыран кезеңде:

Қасиетім менің,

Адалдығым менен ақтығым.

Жаныма қуат

Жүрегімнің таза пәктігі.

Тәңірімнен күнде

Көз жасыммен тілеймін

Өтсем екен деп

Тірі жанға болмай жаттығым, - деп ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай, парасаттылық, адалдық, жүрек пәктігі сияқты ізгі қасиеттерді биік ұстап өткен Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақтаОтанды қорғауға аттанды. «Адал адамОтанын сүйеді. Адал, ақ жүреккеОтананасындай.Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш.Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесіненОтанмүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін,Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей білді.

Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқандаОтанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымызсоғысбарысында бүкіл әлем алдында барұлылығымен көрінді.

Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Басынан аяғына дейін құрыштай қаруланған гитлершілдерсоғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. ССРО жеріне басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны бес жарым миллион адамға жетті. Оған дейін 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренцов теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы зор майдан шебіндесоғысашты. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалисті мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ, совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды. Халық Коммунистік Партияның басшылығымен өзініңОтанын қорғауға батыл бел буып шықты, әділетті азаттықсоғысқа жұп жазбай тұтаса көтерілді, бұрын болып көрмеген табандылық пен қайсарлық танытты. Осындай сұрапылсоғыскүндерінде халқымыз майдан мен тылда жеңіс үшін керекті жағдай жасаудың ауыр жүгін көтерді.

Майданға кеткен талай мыңдаған жұмысшылар мен шаруалардың орнына шексіз қиын, ұйқысыз, ас-сусыз еңбек вахтасында әйелдер мен балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер тұрды. Әр отбасының басшысы майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді.. «Бір минут ішінде сенсоғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетусіз-ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті.

Осынау қиын күндерді қазір 89 жасқа келген әжемнің айтқан әңгімелерінен де естіп, заманның сыры мен үнін көз алдыма елестетемін.Соғысбасталған кезде 24 жастағы менің әжем шахтада жұмыс істеген. Жалғыз қызы Нұрғайшаны үйге қамап, таңның атысы мен күннің батысына дейін дамылсыз еңбек еткен. Осы күндерді еске алғанда әжем өздері айтатын мына әнді үнемі айтып отырады:

Басталды ойсыз жерден мынасоғыс,

Отырмыз Сталинде болып қоныс.

Ештеңе көрмеген әйел сорлы

Шахтада ұйымдасып болдық таныс.

Бастаушы бұл шахтаны басшымыз бар,

Қалижан екіншіміз тағы да бар.

Норманы толтыруға жан ұшырып,

Қостайтын жетпіс адам жұмысшы бар.

Лампшкем стеклосы жанар ма екен,

Бұл бейнет біздің бастан қалар ма екен

Жақсылық болды деген хабар келсе

Жан шықпай кеудемізде қалар ма екен.

Налымаймын қиындықты осынау іске,

Жүретін еркек ісі түсті бізге.

Отанды қорғаушыдан артық па жан

Тек қана сыймай кетеді жалын ішке, - деп ыңылдап ән салған әжем «құлыным-ау, Құдай сендердің бастарыңа бұл күндерді бермесін!» деп сол кезді тебірене еске алады.

Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін,

Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін.

Түр білек, түс еңбекке ту астында

Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін, - деп халық ақыны Нұрпейіс Байғанин елді майдан үшін еңбек етуге үндегендей, тылдағы жұмысшылар Республикамыздың ауыр өнеркәсіп саласында да адам айтқысыз жетістіктерге қол жеткізді.

Жалғасы: http://www.******.com/kz/shygarma/502-otan_9_mamyr.html
0 дауыс
Жеңіс күні
Жоспар
I 66 жыл өттi.
II Ауыр Жеңiстiң тарихы.
   1. Кеңес Одағының Батырлары.
   2. Халықтың батырлығы.
   3. “Ленинградтық өренім”
III Жеңіс – Қасиеттi мерекесі.

Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
  Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

  Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

  Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

  Жарыстар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта жүргізді. Көрнекті Қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр тағдыры туралы өлең жазды.

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін...

   9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек.

Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын!
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

  Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жеңіс
Қасиеттi мен ауыр
Халықтарды нығайтады, көмектеседі және бiзге дейiн жетедi.
Жеңіс - біздің ата-бабаларымыздың батырлығы.
Жетістік, салтанат, мейрам.

http://mugalim.ru/load/sochinenija/zhe_is_k_ni_shy_arma/2-1-0-33
...