0 дауыс
39.4k көрілді
Адамзат тудырған-алып тұлға (Ұлы Абайдың рухани мұрасы туралы) шығарма тауып бере аласыздар ма?) Алдын-ала көп-көп рахмет)

4 жауап

0 дауыс
Қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының алар орны ерекше. Халкымыздың талай-талай айтулы ақындарынан Абайдың жолы-жөні бөлек, парасат-пайымы кең, өресі өте биік. Оның әрбір сөзінің кең мағынаға толы екендігі дәлелденіп болғандай. Қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, әсем сурет, бейнелі де, кестелі мағына-көріністі көресің. Түпсіз терең түңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, келе-келе тұла бойыңды тұтас билеп кететін бір тылсым, құпия сиқыры тағы бар.“Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің” деп атамыз қазақ айтқандай, бала Абайдың, жас Абайдың тәлім-тәрбие алып, үлгі-сөзін естіп өскен екі шешесі болған. Әңгіме-аңыздың көл-дариясы, аяулы әжесі – Зере де, екіншісі – өз туған анасы – Ұлжан. Әкесі Құнанбай өз заманының айтулы ел басқарған, аға сұлтаны болып, заманында азулы, қаталдығы мен әділдігі қатар, оңы мен солына бірдей, Аллаһтың ақ жолымен жүруді қолдап, мешіт ашқан. Қажылыққа барып, Меккеде тәкия (қонақ үй) салдырған.Абайдың өмір сүрген заманы да оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Орыс шаруаларының жер жыртуы, жаңаша оқу, сауда-саттық, алыс-жақын шет жерлермен түрлі мақсаттағы қарым-қатынас жасау дамып келе жатқан. Жаңа сипаттағы қиын бір кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты. Ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқандай, ел іші “алтыбақан алауыз” болатын. Абайды он жасқа келгенде әкесі Семей қаласыңдағы діни оқу орындарына, алғашқыда Ғабдулжаппар молдаға берген, кейінірек Ахмет, Риза деген молдаға тапсырған. Абай медреседе үш жыл оқиды.Ұлы ақын жас кезінде болыс та болды, ел де басқарды, есейе келе өлең жазумен, ойына келгенін ақ қағазға түсірумен айналысады. Абай бізді нәзік өлеңімен де, кесек-кесек пәлсапалық ой-пікірімен де, сұлу сазды әуендерімен де бірде қанаттандырса, бірде ойландырады. Абайдың ұлылығы мен кемеңгер данышпандығы да осы болса керек!

Абай жүрегін толғантқан сөз қасиеті – түптің түбінде ойшыл ақынның, жаратқан ие, дін ислам туралы толғаныстары ішкі ырғақ, оралымы қандай? Пәлсапалық исламиятты ақын қалай қабылдады? Жаратқан иені ақын танымы, ақынның ішкі әлемі құптады ма, әлде наразылық сезімін туғызды ма? Жауап іздеу арқылы біздер біраз жұмбақ, құпияның көрпесін көтереміз.Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ бізді де Аллаһ туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырады.Абай тағылымындағы Аллаһ тағала – адами бейнеден гөрі алыста, көз жетпес көкжиекте ме, аспанда ма – беймәлім, күшпен ұшып жүретін, бәрін де көре білетін, сезе жүретін күн сәулесіндей таңғажайып құбылыс, құдіретті күш. /2, 12/ Адам бейнесінен қашықтап кеткен рухани тірек, дін исламдық ие секілді.Абай ұғымында ол ақылға сыймас шындық, сондықтан ақын Аллаһ пен Адам арасындағы жалғастырушы күш – махаббат деген.

Дененің барша қуаты,

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңірі үшін. /1, 86/

Аллаһтың растығын Абай махаббат арқылы дәлелдемек болып, «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де сондықтан.Көп оқып ғылымға үңілген Абай он сегіз мың ғаламның патшасы бір Аллаһ екеніне шек-шүбә келтірмейді, қайта жалғыз жаратушының құдіретін жырлап та, қара сөзбен толғап та айтқан:

Алланың өзі де рас, сөзі де рас

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан оның төрті

Алланы танытуға сөзі айырмас...

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп /1, 58/

Және хақ жолы деп әділетті,– деп бар ықылас-пейілімен айтқанына қалтқысыз сенеміз. Әлем халықтарының әрқайсысы өзінше пір тұтатын төрт діни қасиетті кітаптың иелері – Мұса (Тәурат), Дәуіт (Зәбүр), Иса (Інжіл), Мұхаммед (Құран) екені – дау тудырмайтын шындық. Осы аталған төрт пайғамбар да Аллаһ жолында адал қызмет еткен абзал жандардан саналады.

Ал, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жолы да, мәртебесі де бөлек, ерекше тұлға екені көпке мәлім. Өз заманындағы тұлғалардың бәрін де ақтарып-төңкеріп қараған, оларды талдап, талғап оқыған Абайдың бүкіл шығармасы Аллаһты бір, пайғамбарды хақ деп тануға арналған десек, ешбір қателеспейміз. Ақын өз балаларына айтқан өсиеттерінде Аллаһтың құдіретін жан-жақты баян етеді: “Бұл қиянатшылар – жарты адам, жарты молда, жарты мұсылман. Олардың адамдығының, кәмәләт таппағы – растықтың жолы. Қиянат – хакиқат пен растықтың дұш-паны. Ғылым – Аллаһтың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адалдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат – құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды,–...”. делінсе, халқымызда Абайға дейін ғылымды жан-жақты осылай түсіндірген оның түбін-тегін, бұлақ көзін ашқан, қалай үйрену керектігін, қайтсе білімнің тұрақтайтынын орынды көрсетіп берген мұндай еңбек болған емес.

Аллаһ тағала Абайдың көкірегіне ғылым нұрын бала жасынан құйғанға ұқсайды. Оқығанын хаттап, естігенін жаттап өскен (Абай) ғұлама “Құдайсыз қурай сынбайды” деген ата-бабамыздың ұлағатты сөзін жадында мықтап ұстап өскендіктен, жаратқанға беріле сыйынып, ел-жұртына сын көзбен қарапты. Халқының жақсылығы мен осал тұсын безбендеп, артықшылығы ешқайда кетпес, жетпей жатқан жағын баса айтайын деп, ел-жұртының кемістігін жіпке тізіп, санамалап айтуындай айтқан-ақ екен. Ұрсып та айтқан, құдіретті құдайды аузына ала отырып, қорқытып та көрген, елдің бойындағы “қыңыр-қисықтық” түзелмесіне көзі жеткен соң, осы халқым оқыса, адам болып кетер, дүниенің кілті, ғылымда деп жұртын өнер мен білім алуға шақырады /3, 13/.

Абай Аллаһты тану үшін ғылым білу керек, ілімі кем құдайды танымайды, құдайын танымаған өзін де танымайды дей келіп: “Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан, һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. “Адам баласына адам баласының бәрі дос”– деп жазады ақын өзінің 34-қара сөзінде. – Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюуың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей. Ақиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, машхарда сұралуың – бәрі бірдей. Екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қауіпің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бұл дүниеге бәрің де қонақ екенсің. Сондықтан біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің малы мен бағына күндестік, қызғаныш жасап, көз аларту дұрыс еместігін айтады. Қай ақын, жазушы болмасын, ауыз әдебиетінен үйренеді, Абай да ауыз әдебиеті үлгісімен өлең жазған, солардың бірі “Патша құдай сыйындым” деген туындысында:

Патша құдай сыйындым,

Тура баста өзіңе.

Жау жағадан алғанда,

Жан көрінбес көзіме.

Кеселді түйін шешілсе,

Керден мойын кесілсе,

Келмей кетпес кезіне.

О да — Құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңірдің құрған тезіне?! /1, 99/

Дүниені дүрліктірер ғажап болмысты көз алдыңа көлденең тартып, қалай дәлме-дәл тап басқан?! Бұдан артық есі бар адамға еске салып, ескерудің қажеті бар ма?Бұдан “Ақылың болса – өз парызыңды, өз ғибадатыңды Аллаһтың алдына тартып бұлдаушы болма!”– деген тағылым-тұжырым шығады.
0 дауыс
Қысқаша шығарма жоқ па мынау жауап шығарма емес лекция
Жактырмасан жазбайсын ба озин. Рахмет айт оган еринбей жазып бергенине. Шыгарманы сенин билиминди тексеру ушин беред интернеттен коширу ушин емес
хехехехе
0 дауыс
Оте керемет. Маган унады.
0 дауыс
Негз жаксы брак накты емес

Ұқсас сұрақтар

...