Мектеп аспаздарын қысқарту қалай жүргізіледі?

0 дауыс
511 қаралым
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №172 қаулысымен бекітілген "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды  тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау" қағидасына сәйкес 1 маусымнан бастап мектеп аспаздарын жұмыстан қысқарту қалай жүргізіледі?
Заң

1 жауап

0 дауыс

Ол қағиданың негізінде емес, себебі ол қағида тамақтандыруды өзге ұйымдардың қызметіне жүгінетін мекемелерге қатысты, ал қысқарту Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексіне сәйкес  жүргізіледі, яғни    54-б. 1-т. 2-тт.  жұмыс берушіге өз бастамасы бойынша қызметкерлер саны немесе штаты  қысқартылған  жағдайда тек заңды себептер бойынша  қызметкермен еңбек шартын бұзу құқығын береді.

Жұмыс берушіңіз тарапынан осы заң нормалары сақталмаған  жағдайда Сізге жергілікті әкімшіліктің  жанындағы мемлекеттік еңбек инспекциясына шағымдану қажет.

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы