Өте тамаша сұрақ,Элмираның жауабы да тамаша.Өкінішке орай біздің қолданушылардың арасында да өзі сұрақтың жауабын жетік білмесе де ойын жауап ретінде таңуға асығатындар бар.Бұл өте қате.Сұрақ берген адам өз түсінбегеніне,білмегеніне жауап тапсам деп жазады.Ал енді мүлдем басқа бір қонақтарда керек болып қалған сұрақтарына жауап іздеп кіріп қалады.Сонда бәлдір-батпақ жауапқа жолығып тұрса не болады,сайт туралы не ойлайды.Өзіміздің бір үйіміздей болып кеткен сайттың рейтингі қалай болады.Ендеше өзіміз күмәнданып тұрған ойларды жауап ретінде емес,пікір ретінде талқыға қалдырған дұрыс болар.Талқыдан таза жауап шығары анық.Осыған байланысты Админге талқылау пікіріне мұмкіндік сұрап өтініш жасау ойым бар.Міне осыларды тереңірек ойласақ нұр үстіне нұр болар еді.Кезі келгенде,сұрақ -жауаптарды саралап,реттеп үлкен,барлық сұраққа жауап таба алатындай сайт жасау үшін сендердің әрбір пікірлерің алтын кірпіш деп білемін.Ал енді қалыпқа келмейтін,дөрекі,қыңыр,т.с.с. жауап-сұрақ,пікірлерді модераторлар мен редакторлар жабатынын жауып ,реттейтінін реттеп отыру олардың міндетіне кіреді,оған ренжуге болмас.Оппа,мен тоқтадым,сұрақтан ауытқып бара жатырмын.:)