0 дауыс
672 көрілді
Қазақстанда қайсы қалаға оқуға барған жақсы? Не себеп? Қайсы қаланың ЖОО-ларында білім беру сапалы? Студенттер үшін қай қалада жарты күндік жұмыстар көбірек? Қайсы қала студенттердің жәннәті?
Meddi, сен осы жылы оқуға тапсырасың ба? Арқалыққа келсей, мұнда сенің жерлестерің көп.

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің жауабым сіздерге күлкілі көрінетін шығар, бірақ нағыз студенттерге лайықты қала деп Арқалықты айтар едім. Неге десеңіз? Мұнда оқуға барлық жағдайлар жасалған: біріншіден, білімі сапалы, сессияны "ақшамен жабу" деген жоқ, екіншіден студенттерге арналған жатақхана сіздерге -  өтірік, маған - шын, құдды бір қонақ үй секілді; үшіншіден, қала өте кішкентай болғандықтан автобус, маршрутқа мініп қажеті жоқ, "проездге" ақша кетпейді; төртіншіден, зейініңді тек оқуға аударасың, ары-бері қыдыратын орындар онша көп емес. Ай сайын алатын 16 500 тг шәкіртақыдан біраз ақша артылып қалады, ата-анама салмақ салмаймын. Осыншама мақтайтындай мен Арқалық қаласының тұрғыны емеспін, Тараз қаласының тумасымын.
Оқуыңыздың аты қандай? Колледж ба, ЖОО ма?
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Иә, сізбен толық келісемін.
0 дауыс
Атырау............................
0 дауыс
Мен Алматы мен Астананы айта алам. бұл қалаларда ЖОО-ның білім беру сапасы жақсы және халқы көп, жұмыста жақсы табылады. Қаланың көркі де әдемі. Ал мұнда ЖОО көп.
0 дауыс

Негізі барлық ЖОО жақсы. Тек сен жақсы оқи, түсіне, ұғына білсең болғаны. Жалпы білімге ұмтылам десең Астана, Алматыға барғаның жөн. Көбі өз қалаларын пихаттай береді. 

ҰБТ-дан 125 балл алуыңа тілектеспін.

0 дауыс
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universitiesсайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген [1][2]. 2012 жыллғы әлемдік үздік 390 шы университет.[3] Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр [4].
0 дауыс
озимнин каламды жамандаганым емес Актобеге туссен по блату журесингоо енди сабак окымасан арине , ал окысан енди карайдыго оларда , оку  жагынан солай корче ал каласы кереметкой енди Актобе город молодежь еще мегаполис болад десен ))
0 дауыс
Оралды айта кетуге болады. Бiлiмi де сапалы, барлык жагдай да жасалган. Казахстан бойынша оку акысы арзан кала. Ал жумыска келер болсак, издесен табылады гой.
0 дауыс
Алматыға бар Қазақстанның үздік оқу орындары Алматыда
...