Менің жауабым сіздерге күлкілі көрінетін шығар, бірақ нағыз студенттерге лайықты қала деп Арқалықты айтар едім. Неге десеңіз? Мұнда оқуға барлық жағдайлар жасалған: біріншіден, білімі сапалы, сессияны "ақшамен жабу" деген жоқ, екіншіден студенттерге арналған жатақхана сіздерге - өтірік, маған - шын, құдды бір қонақ үй секілді; үшіншіден, қала өте кішкентай болғандықтан автобус, маршрутқа мініп қажеті жоқ, "проездге" ақша кетпейді; төртіншіден, зейініңді тек оқуға аударасың, ары-бері қыдыратын орындар онша көп емес. Ай сайын алатын 16 500 тг шәкіртақыдан біраз ақша артылып қалады, ата-анама салмақ салмаймын. Осыншама мақтайтындай мен Арқалық қаласының тұрғыны емеспін, Тараз қаласының тумасымын.