+2 дауыс
2.6k көрілді
Бүгін керемет түс көрдім. Таң намазында оянып , жақсылыққа жорып , сосын тағы көзім ілініп кетіпті. Таңертең тұрғанда түсімді мамама айтып берейін десем , әлгі түсімді есіме түсіре алмадым . Тек намаз уақытында оянып қуанғаным есімде. Сіздерде де осындай бола ма? Көрген түсті ұмытып қалған болсаң, қалай есіңе түсіруге болады?

8 жауап

+1 дауыс
ешқашан ешқалай бұлөмірде...

Түсін жақсы болса айт жаман болса айтпа! Көркем)
0 дауыс

Қайта ұйықта мүмкін түсіңді жалғастырарсың :)

+1 дауыс
Ондай болған, бірақ жиі емес, бастысы  сен оны жақсылыққа жорыдын ғой.Соған қуансайшы))
+3 дауыс
Мүмкін артынан біраз уақыттан кейін есіңізге түсіп қалар. Менде мынадай болады. Бірақ жақсы н/е жаман түске қатысы жоқ. Кейде бір жүргенде(бұрын көріп жүрген жер болсын басқа болсын) кейбір көз алдымдағы 1-2 секундтық көрініс өте таныс ж/е бұрын дәл осылай көргенім ойыма келеді. Содан кейін бұл бұрын түсімде көргенім есіме түседі. Сізге де солай жақсы түсіңіз орындалып қуанғанда еске түсіп қалар. Түс әлі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген дүние ғой.
0 дауыс
Еркебұлан сенің айтып тұрғаның дежавю ғо, көрген түсіңді кері есіне түсіру мүмкін емес сияқты менім ойымша, дегенмен түс көріп жатқанда оянып кетсен есінде қалатының білем.
+1 дауыс

Түсті ұмыту - табиғи құбылыс. Көрген түстеріңді ұмытпасаң миың қажетсіз информацияға толып қалады емес пе? 

қызық екенсің, қажетті ақпараттарың керек емес болып қалып,сыртынан ағылып жатқан жоқпа (әзіл)
жалпы түс көргеннен кейін жорығанда жақсы, көрген түсіңді де ұмытқан жақсы. бәрібір ұмытқан түсіңді есіңе түспейді,
Осыған ұқсас сұрақ:
Көрген түсін  кейін біраз уақыт өткеннен кейн қайталанып көрген түстер болдыма?
Мен бір түсті екі рет қайталанып көрдім(арасы 1-2 жыл), әлі есімде, айтуғада қорқам,
+1 дауыс
Ия..Мұндай жағдайлар кездесіп жатады.Оны ұмытсаңыз,солай қалғаны дұрыс.Есіңізге түсіремін деп әлектенбеңіз.Қиялдан,ойдан туындайтын,аян беріп жататын түстер бар.Түс - түнде..Оның күндізге маңызы бола бермейді....
0 дауыс
Ондай құбылыс бәрінде де болады, мен өзім түсті толықтай есімде сақтай алмаймын.
...